№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар неге қызығады?

Жастар неге қызығады?

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде білім аламын. Жас болғандықтан өзімнің қатарластарым неге қызығады, соған тоқталып, тарқата жазсам деймін. Бірден айтайын, қатарластарымды жазғырып, жайсыз мінездеме бергім келмейді. Дегенмен көзбен көріп, санаға тоқып жүрген жайларды ортаға салсам.
Әрине, бес саусақ бірдей емес дегендей, адамның бәрі бірдей емес. Жастардың арасында ілімге құмар, ғылымға құштар, өнер табуға ниеттілер бар. Бірақ көп емес. Елімізде адами капиталдың сапасын арттырамыз деп жүйілі бағдарламалар қабылданып жатыр. Заманауи технологияның тілін меңгерту, шетел тілдерін үйрену үшін жағдай жасалуда. Бір ғана мысал, біздің колледж танымастай өзгерді. Онда шеберханалар ашылып, сыныптар жаңарды.
Бәрі жақсы. Алайда қоғамдық қатынастардан ба, әлді нарықтық жүйенің әсері ме бүгінгі жастар оңай жолмен ақша тапқысы келіп, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге құмар. 
Кітапты оқымайды, ілімді тоқымайды. Бірақ жастар ақылды болып көрінгісі келеді. Оны әлеуметтік желіде ақылсынған жастардың қылығынан көруге болады. 
Сосын сыртқа көп еліктейді. Әсіресе, корейлік жігіттер секілді шашын түрлі түске бояп, құлағына сырға тағып жүргенін көреміз. Мұндай жастарды көргенімде жыным келеді. Бір жағынан аяймын.
Ең жаман жері, жастар құмар ойынға әуес. Плейстейшенмен ұзақ түн отыруға дайын. Ұялы байланыс арқылы казино ойнайтындары да аз емес.
Жастардың екпіні тасып, бойындағы күш-жігерін қайда жұмсарын білмей жүргенде үлкендер жол көрсетіп, бағыт-бағдар берсе, елдің ертеңіне айналар еді. Бірақ сананы нарық билеп, адамдар базардың бағамына байланды. Айтқым келгені, үлкендердің өзі үлгі-өнеге болса, жастар дұрыс бағытты таңдар еді...
Осындайда ақын Мағжан Жұмабаевтың:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн! – деген өлеңі ойға келеді.
Жастарға сенген дұрыс, алайда, оларға дұрыс тәлім-тәрбие сіңіріп, пайдалы ілім-білім берген бәрінен де маңызды деп ойлаймын.
Әсел КАМАЛОВА
24 қаңтар 2021 ж. 947 0