№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Қамшы киесі

Қамшы малшы,аңшы,жауынгер құралы.
Сақ дәуірінде 3 затты иемденген адам патша болады. Олар: Қылыш, тостаған, қамшы. Қылыш-мықты жауынгер болуы керек, Тостаған-дінді жақсы меңгеру керек, Қамшы-мал бағу, күту, т. б жайттарын білген ғана патша сайланған.
Қамшы бар жерде, жын-шайтан қашады.
Қазақта сөз орнына көбіне қамшы сөйлейді.
Мысалы: Шаңырағындағы ілінген қамшыға қарап, неше ұлы, неше қызы бар екенін білген.
Қамшы салбырап ілінсе, ол үйдің ері жоқ екенін білдіреді. Қамшы ілінгенде қайырылып ілінеді. Ер бала бесігіне қамшы ілінеді, кейін өскен соң, жатын орнына, не төсегінің басына ілінеді, оның себебі, қамшы ер баланы рухтандырады. Қыз баланың қамшысы әдемі тастармен көмкеріледі. Қамшыны сыйға тартса, бұл үлкен құрмет болып есептеледі. Қамшы-ол жауынгерлік қару болып есептеледі.
Құда түскенде, атасы қамшысын үйдің төріне іліп кетеді. Болашақ келін атасының қамшысын көріп, өзін дайындайды.
Үйге кірген адам қамшысыз кіреді, ал қамшымен кірсе, ол дауға айналады.
Ер адам қамшысын салбыратып келсе, ол дау-жанжалдың болатыны.
Ертеде жазасыз опық жегендер, қамшысымен ренжіткен адамының киіз үйін сабаған, ол үйден береке,ырыс кетеді деп болжаған. Қамшы ұстаған адам, қайысымен сабын бірге қысып ұстаған, немесе етіктің қонышына салған. Қамшыдан таяқ жеген, тәубәға келеді, жыны басылады, қамшы дәмін ешқашан ұмытпайды.
Жеті жарғы заңында мәселесін шешу үшін, таңдаған биге алдына қамшы тастаса, сол би оның мәселесін шешкен. Келісім шарт жасайтын кезде де, қамшыны ортаға тыстаған.
Қамшы сөзі, қам, қамдану,қамал, мағынасында негізі.
Қамшы сынса- өлімге.
Мысалы: Шоқан мен әкесі Уалихан кезікенде, әкесі бәрін таста, Сұлтандыққа сайланасың,-дегенде, Шоқан ғылым жолын таңдап, әкесіне келісім бермеген, ызаға булыққан әкесі Уалихан: "Сен менің балам емессің!-деп қамшысын сындырып, лақтырған, 6 айдан кейін Шоқан қайтыс болады.
Төлеген мен Қыз Жібекте: Төлегенді әкесі шақырып алып былай дейді:"-Бауырың Сансызбай жоңғармен соғысып, ел қорғауда, ал сен әлі қыз қуып серуендеп жүрсің, атастырылған қызды аласың!"-дегенде, Төлеген Қыз Жібекті сүйетінін айтқан. Әкесі кет әрі деп Төлегенді қуып, қамшысын сындырып лақтырған. Төлеген Қыз Жібекке барып, өзіңе жар тап, менің өмірім шектеулі деген, 7 күннен кейін, Қыз Жібекті қызғанып жүрген, ұры,қарақшы, қожаның жігіті Кескентерек атып өлтіреді.(Бекежан батыр өлтірді деген лақап, өйткені Бекежан Жібектің ағасы 5 атасынан, ол Жібекті қорғап жүрген, екіншіден Бекежан батыр, ал батырлар артынан садақ атпайды, үшіншіден Бекежан Зульфия деген ғашық болған қызға).
Қамшы киесі қатты,қамшыны аяқ асты тастамайды,"Қазағымның қамшысы қайыспасын,сынбасын.Үйде қамшының ілінуі,азаттықтың,ерліктің,биліктің символы.
"Қамшы~Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде ойнайды". Қамшыңыз қолыңызда болып, қамданыңыз!!!!!

Әңгімелескен Бауржан Сатыбалдыұлы
Ешмағамбетов.
"ҚАЗАҚ білуі тиіс" кітабынан үзінді.
20 желтоқсан 2020 ж. 1 491 0