№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нұрмахан жазған «Көк иненің көзі»

Нұрмахан жазған «Көк иненің көзі»

Жазушы-сатирик Нұрмахан Елтайдың жаңа туындысы «Көк иненің көзі» деп аталады. Кітап бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Жылан жылғы оқиға» аталыпты. Мұнда кеңестік дәуір тұсында өмір сүрген мемлекет және қоғам қайраткерлері айтқан өткір сөздер болса, оны айтушылар арасында Д.Қонаев, Н.Хрущев, Ғ.Қабышев, Ш.Әбенов, Ш.Есенов, Қ.Мұхамеджанов, С.Қожамқұлов сынды белгілі тұлғалар бар. Олардың қапылыста тауып айтқан сөздерін оқып отырып сол қайраткерлердің де әзіл-оспаққа теріс қарамағанын көреміз.

«Діріл мен дүріл» атты екінші бөлімінде Ш.Мұртаза, С.Оразбаев, Б.Айнабеков, Т.Оразбаева, Т.Мыңжасаров, А.Мархабаев секілді қарасөздің қаймағын қалқып ішкен сөз бен өнер иелерінің жатыпатарлары көрініс тауыпты.
Кітаптың «Әр кәллада бір қиял» атты бөлімінде  көпшілігімізге танымал Ж.Ердешбаев, Ж.Ерманов, шиелілік Ә.Исмайлов,Ж.Ахметов, Ә.Ноғайбаев, Т.Әбенов, Ж.Баетов секілді азаматтардың кездейсоқ  жағдайларға  байланысты айтқан тосын пікірлері мен өткір сөздері  қамтылыпты.
«Көк серкенің күші – ай» атты келесі бөлімде Ұ. Еспанов,  өзіміздің ауданнан Тілеу Тотаев, Срайыл Скендіров, Тастемір Жүзбаев, Қанжарбек Әжібеков секілді адамдардың ұтымды жауаптары кеңінен сөз болыпты.
Кітаптың соңғы бөлімі «Құдағидың «қолы»  аталыптыБұл бөлім кейіпкерлерініңаты-жөндері негізінен халықтық болып кеткен. Олардың айтқан сөздері мен берген жауаптары еріксіз езу тартқызады.
Кітап тілі жеңіл де қарапайым. Бір әңгіме екінші әңгімеге желі тартқандай әсерде отырып оқисыз. Негізі алғашқы мақаласы мектеп қабырға газетінен бастау алған Нұрмахан Назымханұлының жазған қысқа мақалалары мен әзіл-оспақтары аудандық «Жаңақорған тынысы», облыстық  «Сыр бойы»(ол кезде «Ленин жолы»), республикалық «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде үздіксіз басылып тұрды. Жетпісінші жылдардың ортасында аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетіндегі «Көк ине» сатиралық бетінің жаттықтырушысы да болды.  Сатираның сардарлары Асқар Тоқмағанбетов батасын беріп, атақты әзілкеш Оспанхан Әубәкіров шәкірті санаған Нұрмаханның қаламынан «Жайма базар», «Қатырамыз», «Сүйінші дайындаңыздар», «Ауылдағы айтқыштар», «Япырай, бұл қандай қызық?»,«Беті бүлк етті», «Үшінші тайм», «Сыпыра сыйлық», «Сөз семсері» атты сатиралық кітаптар жарық көрді.
Негізі Нұрмахан қоғамды тек бір қырынан танушы емес, ол қоғамдағы болып жатқан жақсы істер мен келелі кеңестер  туралы, тарих қойнауынан  сыр тартқан, оны халыққа  дер кезінде жеткізуге асыққан  қаламгер. Бұл тұрғыда да оның тек мақалалары ғана емес 4-5 деректі тарихи-танымдық кітаптары да жарық көрген тыныс-тіршілігі пайымды қаламгердің туындысы екендігін байқаймын.
Нұрмахан Елтайдың соңғы туындысына құтты болсын айта отырып, Нұреке, қаламыңыздың ұшы мұқалмасын, жазарыңыз көп болсын дей отырып, кітапқа түскен бірер шығармасынпатша көңіл оқырманның назарына ұсынып отырмын.  Сонымен езу тарта отырайық.
Ерубай ҚАЛДЫБЕК
06 қазан 2020 ж. 592 0