№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Көшбасшы


Күні кеше арамызда жүріп, асқар тауға арқамызды тірегенімізді сездірген, ағалық мейірімімен басымыздан сипап, арқамыздан қаққандай қамқорлығына бөлеген қайран Амангелді ағамыз туралы да өткен шақпен әңгіме айтуымызға тура келіп қалғаны-ай!..
Ажал айла таптыра ма? Қу тіршілік тіріге байыз таптыра ма?
«Дүниешіркін, дүркін-дүркін, өтедібіркүн» дегендіайтқанбабаларымызрасыменданағой. Өмірдіңбастанөткеныстығыменсуығы, алдыңатосқанащысыментұщысыныңдәмінтатқанөмірдіңданалығығой.
Уақыт зырғып өте береді. Мен аудандық комсомол ұйымының жұмысына араласқан кезімде жиырма бес жаста екенмін. Амангелді аға қырықтың қырқасына шыққан жігіт ағасы шағында еді. Ағамен сіз-біздігіміз сол кезден басталған еді. Ол бір қызығы мен шыжығы астасқан, ескі мен жаңа алмасқан, үміті мен күдігі күресіп жатқан кезең еді ғой. Ең бастысы, заман өзгеріп, еліміз, елдігіміз сынға түскен уақыт болатын.
Заманның өзгеруі қоғаммен қатар адамды да өзгертеді.
Замананың ұлы көшіне көпшілік бет бұрса, енді біреулер ілесе алмай қалады. Ал көпті көрген кемеңгер, алысын болжаған кемел тұлғалар ғана сол көшті бастайды. Көп жылдар қайнаған еңбектің ортасында шыңдалған, қоғамдық-саяси ұйымдардың басшылығында елмен жұмыс істеуге ысылған білікті маман, іскер басшы ретінде, атпал азамат Амангелді Абдуллаев аймақтағы санаулы көшбасшылардың біріне айналды.
Кеңестік қоғамның шекпенінен шыққан небір шенеуніктер тәуелсіздік алып келген жаңа құндылықтарға бейімделе алмай, тұрмыс тіршілігін күйттеп, от басы, ошақ қасында қалып қойғанда рухани өзегі мықты, нарықтық қатынастардың қиындықтарынан қаймықпай батылдық таныта алған Амангелді аға аз ғана уақытта берісі аудан, әрісі республика көлемінде мықты менеджер ретінде өзін танытып үлгерді.
Әңгіме Амангелді ағаның тәуелсіздік жол ашқан жаңару мен жаңғырудың кең мүмкіндіктерін елден бұрын тани алғандығына қатысты болып отыр. Ол 1996 жылы нарықтық қатынастардың қиындығына тап болып, қиюы кетіп, жабылудың алдында тұрған республикалық маңызға ие «Жаңақорған» шипажайының басшылығын қолға алды. Республикалық кәсіподақ ұйымы нарық жағдайындағы қаржы тапшылығынан шипажайды ұстап тұра алмады. Амангелді аға жарты ғасырдан астам тарихы бар шипажайға «жан бітіру» үшін инвестиция салып, шипажайды терең экономикалық және әлеметтік дағдарыстан алып шықты. Табысты менеджер үшін ең басты көрсеткіш экономикалық кіріс емес, ең бастысы – тұрақты даму екендігі белгілі. Мекеменің басшысы ретінде Амангелді Абдуллаев шипажайдағы жұмыс орындарын қалпына келтіріп, «естен тандырып емдеу» деген реформалардан туындаған әлеуметтік қиындықтардан қаншама отбасын шаруасын шайқалтпай алып шыққаны да көшбасшылықтың бір қыры болар.
Шипажайды шаруасы шатқаяқтап тұрған кезінде қабылдап алған Амангелді аға оның қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастырып, өркендетіп, ұрпағына, еліне тапсырып кетті. Міне, ел іргесін бекіткен, елге қызмет етуге жұмылған нағыз азаматтықтың үлгісі!
Амангелді аға елге облыстағы ең үлкен шипажай мекемесінің басшысы ретінде ғана емес, ел ағасы ретінде де аса жемісті еңбек етті. Танымал азаматтарға арнап айтылатын «Еліне елеулі, халқына қалаулы» деген теңеу бар, ағамыз оған әбден лайық-ақ!
Елдің қалың ортасында болып, емен-жарқын араласып жүрген парасат иесіне ел үйірсек болады. Оның төңірегіне топтасады. Одан азаматқа лайық қайратты да қарымды іс күтеді, күдікті сейілтіп, күмәннан арылтып, жанын жылытатын аталы сөз күтеді. Амангелді аға өзіне сенім артқан, соңына ерген елге тұтқа болды.
Қаншама талапты жастың белін буып, жолға салды! Олар қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпірінде елге қызмет етуде.
Қаншама жетім-жесірді желеп-жебеді! Үзілгенді жалғады. Олар да қазіргі кезде ел қатарына қосылып, жетілді. Қалай болғанда да сауапты істен қолын суытпады.
Жігітке тиесілі үш жұртты ғана емес, бар қазақты бөле жармай елдің бірлігіне қызмет еткен кемелдігіне де куә болғанбыз. Үш жүздің басы қосылған алқалы жиындарда байыпты да байсалды сөздерімен елді ұйытқан еді.
Қазақ руханиятында Атымтай-Жомарт деген ұғым бар. Оны меценат деп жүрміз ғой қазіргі кезде. Әргі-бергі тарихта Атымтай-Жомарттар аз болмаған. Батырлық – мінезден десек, жомарттық – пейілден екен. Қырманын дөңге салған, пейілін кеңге салған ата салтымен Амангелді аға да жомарттықтың үлгісін көрсете алды тар заманда.
Әр буынның өзіне жүктелген тарихи міндеті болады. Амангелді аға да өзіне жүктелген елдің көшін түзеу міндетін абыроймен атқарып кетті.
Соңына ерген елді жарқын болашаққа бастай алды.
09 тамыз 2020 ж. 533 0