№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әкесі қаза болған қыз

Әкесі қаза болған қыз


Табытты адамдар қолдан-қолға ауыстырып, желкелеріне көтеріп бара жатыр. Кішкентай ғана қыз табыттың артынан жүгіріп "Әкетай, мен де барамын"-деп жылап, адамдарды одан сайын жылатты. Сәби қыз әкесін қай жерге алып кеткенін білгенде осылай жылар ма еді? Ағайын-туыс, дос- жарандары мәйітті қабірстанға қойып келді. Кішкентай қыз тоқтамай жылап
әр ер кісіге жабысып әкесін сұрай берді:
"Менің әкетайым қані? Неге сіздермен келмеді?"-деп шырылдайды. Бірақ ешкім де балақайға "сенің әкеңді көміп келдік"-деп айта алмады. Жүрегім толып, сабырым шыдамай, оған бір нәрселер айтқым келді. Жайлап барып қыздың қолынан ұстадым. Ол маған үмітпен жалт қарады. Көздері қызарып, еріндері жарылып кетіпті. Бір шетке қарай жетектедім. Ол сұрағына жауап беретін адам табылғандай, үндемей ілесе кетті. Су ішкіздім. Сәл өзіне келді.
Бетіме қарап ауыр күрсінді.
- Алланы білесің бе,қызым?- деп шашынан сипадым. Ол маған тіке қарады да:
- "Алла жалғыз" деп әкетайым айтқан- деді.
- Әкетайың солай деген болса, иманды адам екен. Есіңе түсірші, әкең Алла туралы тағы не айтып еді?
- Алланың айтқанын істеу керек...
- Ой бәрекелді! Сен мен ойлағаннан да ақылды қыз екенсің. Әкетайың дұрыс айтыпты. Алланың айтқанын барлығы істеу керек. Міне, Алла әкеңді Өзіне шақырды. Әкең Алланың айтқанын істеп "жарайды" деп кетті.
- Айнаштың әкесін неге шақырмады?
- Олай деп айтуға болмайды қызым. Алла Өзі қалаған адамын шақырып алады. Ол сенің әкеңді қалап шақырып алды.
- Алла әкетайымды жақсы көреді ма?
- Әрине, сендей қызына Алланы танытқан адамды қалай жақсы көрмейді?!
- Алла Жәннатта тұрады ма?
- Охо,сен әлі Жәннатты да білесің ба?
- Білемін! Әкетайым айтқан. "Егер Алланың айтқанын істесең Жәннатқа барасың"- деген.
- Сенің әкең өте жақсы, иманды адам екен, қызым. Рас айтам!
- Әкетайым қайтып келеді ма?
- Ай қызым-ай, Жәннатқа баруды әркім қалайды. Ал сен қайтып келгенін қалайсың ба?
- Ол жерде әкетайым ауырмайды ма?
- Жоқ , ауырмайды!
- Анашым екеуміз көруге барамыз ба?
- Алла қаласа барасыңдар!
- Қашан барамыз?
- Алла шақырғанда да айналайын.
- Қашан шақырады?
- Ол жағын білмедім. Қашан шақыруды Алланың Өзі біледі.
- Айнаш әкетайымды сұраса Жәннатқа кеткен дейін ба?
- Иә,иә ин шаа Алла солай деп айт, ақылды қызым. Ал енді айтшы, әкесі Жәннатқа кеткен қыз жылайды ма, жыламайды ма?
Ол басын изеді. Одан жыламауға уәдесін алдым. Аза тұтылған үш күн бойы оны бақылап жүрдім.
Ол жыламады!
28 шілде 2020 ж. 619 0