№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ескерткіштер – елдіктің белгісі

Ескерткіштер – елдіктің белгісі

Өркениет көшінде көш бастауға ұмтылған елдер әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен бөлек тарихи жолын, рухани-мәдени ерекшеліктерін насихаттауға мән береді. Ал тарихын танытып, мемлекеттік мүддесін айрықша етуде ескерткіштердің орны зор. Себебі ескерткіштер – елдіктің белгісі.

ХХ ғасыр қазақ ұлты үшін нәубет жылдарға толы. Солардың ішінде ашаршылық пен қуғын-сүргіннің зардабы мен залалы әлі санамызда, жүрегімізде. Бір үзім нанға зәру болып, өзегі үзілген миллиондаған адамның және алаштық идеяны қолдап, жазықсыз жазаланған зиялылардың рухына арнап Құран бағыштап, еске алатын ескерткіштердің орны зор. Бұл – қасіретті жылдарды жадымызда сақтап, тарихтан тағылым алуда бағдаршам болатыны анық.
Қазір сол тарих қойнауына кеткен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған кент орталығында монумент болған. Нақтысын айтқанда, темір жол вокзалы маңында арнайы ескерткіш бой көтерді, бірақ кенттің қақпасын жаңғырту ісі қолға алынып, ескерткіштің орны ауыстырылады. Яғни ескерткіш орны белгіленген-ді, құрылыс жұмысы жақын күндері басталады. Кент әкімдігі осындай ақпар берді, әрине бұл қуанарлық жағдай. Өткен ғасырдың 30-жылдары ашаршылық және саяси добалаңның, күштеп ұжымдастыру құрбандарына арналып қойылған ескерткіш 1969 жылы ашылды.
– Ескерткіші бастапқыда екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге арналып қойылған болатын. Кейіннен ол басқа аумаққа көшірілді. 2013 жылы «Тараз» ЖШС зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ескерткіш төртқырлы, сүйір төбелі белгі, орталық діңгегінің биіктігі 5 метр. Жалпы ескерткіштің биіктігі шамамен 10 метр. Ескерткіш негізінің қалыңдығы 0,5-2 м, ені 5 метр. Ескерткіш үш негізгі салмақ түсетін діңгектен тұрады. Бұл техникалық тұрғыдан негізге түсетін салмақты азайтып қоймай, тау бейнесін беріп тұр. Ескерткіш барлық жағынан жақсы әсер қалдырады және жергілікті мәдени ландшафқа үйлеседі. Қорғау тақтасы орнатылған. Ескерткіш Жаңақорған кенті әкімдігінің теңгерімінде болған. Енді жаңа ескерткіштің орнатылуын асыға күтудеміз, – деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ескерткіштерді қорғау жөніндегі маманы Ажар Ахметова.
Қазақ халқының басындағы қуғын-сүргін, ашаршылық, яғни ел басындағы нәубет Сыр жұртшылығын да айналып өткен жоқ. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, тоталитарлық жүйе тудырған ауыр кезеңде облыс бойынша 4038 отбасы қуғынға ұшырап, 1153 адам атылған. Тарихшылардың айтуынша, саяси қуғын-сүргін бел алған зұлмат заманда біздің халқымыздың төрттен бірі бас сауғалап шетел асты. Елде қалған ардақтыларымыз атылды, айдалды, түрмелерге қамалды, ар-намыстары тапталды. Бұл өткен ғасырдың 20-30 жылдары кеңестік кезеңнің алғашқы ширегінде орнаған әкімшіл-әміршіл жүйенің көрінісі болатын. Жаңақорғаннан да қаншама қандас қыршыннан қиылды. Көбі ата қонысты ауыстырып, шет ел асты.
Сондықтан бұл күн – қазақ елі үшін, қазақстандықтар үшін қасіретті де азалы күн. Алтайдан Атырауға дейінгі атырапты алып жатқан кең байтақ жердің иесі болған халқымыздың басынан қаншама қасіретті жылдар өтсе де, дәл осындай ауыр да азаптысы болмаған шығар, сірә! Аштықтан негізінен, жас балалар мен әйелдер қырылды. Осы себепті қазақтардың өсуі қатты тежелді. Кейін бұл аштық «қызыл қырғын», «голощекиндік геноцид» деген атауға ие болды.
Жалпы алғанда, ескерткіштердің адамзат тарихында алатын орны осындай. Әрбір ескерткіштің алар орны ерекше, әсіресе егемен елдің кешегі келбетін, осы күнді аңсап кеткен ұлт зиялыларының күрескен бейнесін көрсетті. Ал қазіргі буын осы қастерлі дүниені танып, қадірлей білуіміз керек. Өйткені тарихын таныған елдің ертеңі жарық, келешегі кемел болады.


Жаңақорған аудандық полиция бөлімі
31 мамыр 2020 ж. 974 0