№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Іштен шыққан шұбар жылан (аңыз-әңгіме)

Іштен шыққан шұбар жылан (аңыз-әңгіме)


Ертеде бір аңшының әйелі жылан етіне жерік болыпты. Жарының жерігін басу үшін аңшы жылан аулайды. Әйелі жерігі басылғанша жылан етін жей беріпті. Тоғыз ай өткенде, әйелдің толғағы жетеді. Бірақ дүниеге жыланға ұқсас ұл туады. Жұрт бұл сұмдықты көріп, шошыпты. Күйеуі де ұлының жанына жуымай, қашқан екен. Тек әйел ғана балам деп бауырына басады. Ұлына Бапы деп ат қойыпты.

Әйтсе де жұрт жабылып, баланы өлтірмекші болады.Әйел зар жылап «жылан да болса, ішімнен шыққан балам. Өлтіре көрмеңдер!» деп, елден араша сұрапты. Әйелдің көз жасын көргенде, жұрттың жүрегі елжіреп:
- Тар құрсағыңды кеңіткен, тас емшегіңді жібіткен, тоғыз ай, он күн көтерген, мехнат тартқан төтеннен, жылан да болса ұлы ғой жырақ мекендесін. Өлтірмейік, тау-тасқа жіберейік. Елден жырақ мекендесін, - дейді. Әйел жыланды қимай-қимай, тау-тасқа апарып тастайды.
Кейін жылан бала өзге жыланның басын қосып орда құрыпты. Оған дейін жыландар жеке өмір сүрген екен. Өзі жыландардың патшасы болып, Бапы хан аталыпты.
«Ордалы жылан» деген атау да осы кезде басталыпты.
«Іштен шыққан шұбар жылан» деген сөз де осы оқиғадан соң, ел аузында сақталыпты.

«Экософия немес киелі табиғат» кітабынан

08 мамыр 2020 ж. 1 510 0