Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Бөлке нан


Бір кісі күн сайын бір дүкеннен алты бөлке нан сатып алады екен. Күн сайын алтыдан артық емес, кем емес. Мұны байқаған сатушы кісіден:
- Ағасы, алты бөлке нанды күнде алып не істейсіз? Білуімше, отбасыңыз шағын, кішкентай балалар жоқ. Оның бәрін жеп тауыса алмайсыздар дегенім ғой... - деп сұрайды.
Сонда кісі:
- Бір бөлке нанды өзіме қалдырамын, біреуін тастаймын, екі нан қайтады, екеуін қарызға беремін, - дейді.
Сатушы:
- Айтқандарыңыздан ештеңе де түсінбедім, - дегенде кісі:
- Өзіме қалдыратын нанды жеймін, тастаймын деген нанды садақа ретінде беремін, қайтады деген екі бөлкені әкем мен анама беремін, ал қарызға беретін екі нанды екі балама беремін, - деп жауап береді.
25 сәуір 2020 ж. 1 140 0