№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирус: Кризис кезінде қалай ақпарат тарату керек?

Коронавирус: Кризис кезінде қалай ақпарат тарату керек?

Журналистің міндеті – тексерілген, нақты ақпарат жеткізу. Әлемдік кризис кезінде, әсіресе қазір коронавирус өршіп тұрғанда бұл міндеттің маңызы арта түседі. "Кризис кезінде ақпарат тарата отырып үрей тудырып алмай, баланс сақтап отыру журналистер үшін аса маңызды. "Сіз алаңдайтын ештеңе жоқ деген идеяға оқырманды нандырудан аулақ болуыңыз керек, сонымен қатар негізсіз үрей мен байбаламның алдын алу қажет", - дейді Колумбия университетінің профессоры Стивен Морс.
Майкл Стэндерт – Шыңжаңда тұратын фрилансер-журналист. Оның мақалалары Bloomberg, The Guardian, Al Jazeera сияқты басылымдарда жарияланып келеді. Ол 2019 жылы желтоқсанда COVID-19 инфекциясы пайда болғалы бері коронавирусқа қатысты ақпарат таратып жүр. Стэндерттің айтуынша, Қытайдағы билік цензурасына байланысты көп адам ақпаратты ашық бөлісе бермейді. Себебі соның салдарынан Қытай азаматтары қуғындалуы мүмкін. Соған қарамасатан, Стэндерт сияқты журналистер вирусқа қатысты түрлі материалдар жариялап келеді. Назарыңызға кризис кезінде ақпарат тарату туралы IJNet Халықаралық журналистер желісінің кеңесін ұсынамыз.
1. Оқиға орнындағы ситуациямен танысып алып, материалыңызда тексерілген суреттерді ғана пайдаланыңыз
Әлемдік кризис кезінде тараған ақпараттың барлығы бірдей шындыққа жанаспайды. Мысалы көшеде медицина қызметкерлерінің қасында жатқан ер адамның фотосуретін The Guardian жариялады. Басылым оны "Уханьдағы кризис салдарын көрсететін фото" деп жариялады, бірақ ол адамның нақты COVID-19 инфекциясынан қаза болғаны туралы редакцияда мәлімет жоқ. Кризис туралы материалда фотосурет пен видео пайдалану аса маңызды, дегенмен бұл іске жауапкершілікпен қарау керек. Репортер визуал контенттің ситуацияны шындыққа сай көрсетіп тұрғанына сенімді болуы керек. The Guardian жариялаған сурет сияқты сенсацияға бой ұрған контент оқиға орнындағы жағдайды бұрмалап, адамдарды қорқытуы мүмкін. Суретке түсіріп, материал жазбас бұрын, оқиға орнымен танысып алыңыз, адамдармен сөйлесіңіз, ол жерде не болып жатқанын анықтап алыңыз. Содан кейін ғана материалға кірісіңіз. Шын мәнінде не болып жатқанын бұрмалайтын контенттен аулақ болыңыз. "Егер оқиға орнында қорқынышты, сұмдық жағдай болса, журналист материалында оны жасырып қалу да жөн емес. Бірақ оқиға орнындағы журналисте куәгерлер айтқан ақпарат жеткіліксіз болса, абай болу керек", - дейді Майкл Стэндерт.
2. Сараптамадан гөрі ақпараттандыруға мән беріңіз
Автор пікірі бар сараптама материалдар, әрине, керек. Бірақ журналист Бетси Джоулстың ойынша, біз кризистің соңы немен бітетінін толық сараптай алмаймыз. The Wall Street Journal журналында жарияланған "Қытай – Азияның нағыз ауру адамы" деген сарындағы материалдарға ермеу керек. Бұл мақала расизм мен ел экономикасы эпидемия салдарынан құлдырайды деген арандатушы пікіріне байланысты қатаң сынға алынды. Қазір бірдеңені болжау үшін тым ерте.
3. Тақырыпқа мән беріңіз
Бұл кеңес редакторларға арналған: оқырманды тақырыппен алдамаңыз. Қазір көп адам материалдың тек тақырыбын оқып ақпарат алады. Сіз, әрине, тақырыптың назар аудартатындай болғанын қалайсыз, бірақ бұлай фактіні көрілімнің құрбанына айналдыруға болмайды, әсіресе кризис кезінде.
4. Сандардың барлығы бірдей нақты ақпаратты көрсетпейді
Профессор Стивен Морстың айтуынша, сандардың барлығына бірдей иек артуға болмайды. Эпидемия кезінде деректер тез өзгеріп отырады. Қолда бар деректерді жариялағанда сандардың нақты емес екенін, әлі өзгеруі мүмкін екенін ескертуді ұмытпау керек.
5. Барынша көп адаммен сөйлесіңіз
Инфекцияны қоғамның түрлі өкілі жұқтыруы мүмкін. Мысалы Қытайдағы ахуал мен Сингапур азаматтарының жағдайы әртүрлі болуы мүмкін. Ал Италиядағы ситуация мүлде басқаша болуы ғажап емес. Үлкен айырмашылық мемлекеттен, тіпті қаладан тыс жерде сезіледі. Мәселен карантиндегі барлық адам ауырып жатқан жоқ, сондықтан әр елдегі, әр қаладағы жағдайды қамту керек.  "Мысалы Қытайда көптеген зауыттың жұмысы тоқтатылды, бірақ компаниялар оны жасырып бағуда. Шын мәнінде не болып жатқанын анықтау үшін компаниялармен, жұмысшылармен сөйлесіп, ситуацияға жан-жақты қарау керек", - дейді Стэндерт.
6. Расистік пікірден аулақ болыңыз
Тарихтан белгілі, әлемдік эпидемия салдарынан расизм мен ксенофобия өршіп кетеді, бұл COVID-19-ға да қатысты нәрсе. Бірнеше күн бұрын Лондонда Сингапур тұрғынына шабуыл жасалған. Тәртіп бұзғандар "оның коронавирусын" өз қаласында көргісі келмейтінін айтқан. Медиа мұндайда абай болып, стереотиптерге жол бермеуі керек. Азия Америка журналистерінің қауымдастығы журналистерге арналған кеңестерін ұсынды. Тізімде мынадай кеңестер бар: маска таққан адамдардың суретін жариялағанда контексті көрсету керек; материалға қатысы болмаса қытайлық кварталдардың суреттерін, вирусқа қатысты географиялық астары бар тақырып пен мәтінді пайдаланбау керек.
7. Сарапшылармен қалай сөйлесетініңізге мән беріңіз
Сіз жақсы журналист немесе автор болуыңыз мүмкін, бірақ сіз тиіс ақпарат көзін таппасаңыз, жұмысыңыз нашар шығары сөзсіз. Сол себепті нағыз керек сарапшыдан пікір алыңыз. "Жақсы экспертті табу проблема емес, бізге соқыр сенім мен жеке әуестігінен ада маман керек", - дейді доктор Морс.
8. Аса қызықтырмайтын оқиғаға көңіл бөлмей қоюға болмайды
COVID-19 сияқты вирустың таралуы әлемдегі ситуацияға әсер етіп, журналистердің түрлі мақаласына себеп болады. Сіздің жұмысыңыз аудиторияның қажетін өтейтін, көп ізделетін сұраққа жауап беретіндей болсын.
9. Тынымсыз жұмыс істеуден сақтаныңыз
Кризис кезінде редакторлар журналистерге көп талап қою мүмкін. Бірақ кейде "жоқ" деп айтып тұрған да пайдалы. Стэндерт жұмыста 24 сағаттық демалыс алып, компьютерге жақындамауға кеңес береді. Бұл ойды жүйелеп, ситуацияға жаңа қырынан қарайтындай күш береді.
10. Кризис біткенде де тақырыпты ұмытпау керек
Түптің түбінде кризис те бітеді, бірақ бұл тақырыпты жауып қоюға себеп емес. Журналист Сима Ясмин "денсаулық сақтау саласындағы саясаткерлер мен шенеуніктер кризис кезінде қалай жұмыс істеді?", "бұл кризистен қандай сабақ алу керек?" деген сияқты тақырыптарды қозғауға кеңес береді.

13 наурыз 2020 ж. 525 0