№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирус белгілері өзгеріпті

Коронавирус белгілері өзгеріпті

7 наурыз күні Қытай ғалымдары коронавирус белгілерінің өзгеруін анықтады.  Бұл туралы  ҚХР әлеуметтік ғылымдарды зерттеу желісінде (SSRN) хабарлады.
Зерттеушілер Ухань университетінің халық ауруханасында 89 науқасты екі топқа бөлді. Біріншісіне 16-22 қаңтар аралығында 31 адам жұқтырған, екіншісі –  23-29 қаңтар аралығында ауырған 58 адам  адамдар жіктелген.
Бірінші топтағы пациенттердің көпшілігінде қызба, әлсіздік, бұлшықет ауыруы, сондай-ақ қақырық бөлінуі және лимфоциттердің төмен деңгейі байқалды. Екінші топтағы науқастарда бұл белгілер жоқ немесе аз байқалды. Алайда басқа белгілер – жөтел, жүрек айну, диарея және кеудедегі ауырлық - екі топтағы пациенттерде айтарлықтай ерекшеленбеді.
Ғалымдардың айтуынша, коронавирустың жаңа түрі біртіндеп тұмауға ұқсас вирусқа айналуы мүмкін.
Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі біртіндеп тұмауға ұқсас вирусқа айналып кету мүмкіндігін ескерте бастады. «Ол денеде ұзақ уақыт көрінбеуі мүмкін» деген болжамдар да ашық айтыла бастады.
ДДҰ   дәрігерлер вирустың әртүрлі климаттық жағдайда қалай пайда болатындығы туралы ақпаратқа ие емес екенін және оның жылы мезгілде таралу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.
09 наурыз 2020 ж. 1 194 0