» » Адамды адамға ниет жолықтырады!

Адамды адамға ниет жолықтырады!


Адамдар текке кездеспейді. Сондықтан өмірдегі әр кездесуге зор мән беру керек. Егер бөтен біреу бізге бірдеңе беріп жатса, көмек қолын созса, жай ғана ниеттес болса – олай болса біздің де оған тигізер пайдамыздың болғаны. Жақсы адамдардың арасында әрдайым барыс-келіске, аралас-құраласқа орын бар. Кейде – ақшалай, кейде – тағдыр жазуы.
Бірде дәрігер-кардиологтың көлігі сынып қапты. Жөндеу жұмыстары қымбат боп шығады. Ал дәрігердің ақшасы бітіп, қалтасы қағылып тұрған сәт екен. Зайыбы да жұмыссыз отырған. Кәдуілгі бір айлыққа күнелтетін қарапайым дәрігер. Сондықтан жөндеу жұмыстары оған қымбат көрінеді. Алайда адамдар кездейсоқ кездеспейді ғой. Оның бір танысы өзінің көлік жөндеуші слесарь досымен таныстырады. Слесарь Сергей дәрігердің жағдайын естіп, жақсы адам екен, мен-ақ жөндеп берейін деп келісе кетіпті. Жайдан жай.
Дәрігер қатты қуанады. Келіскен ақысын төлеп, көлігін жөндетіп алады. Сосын түнімен ұйықтай алмай шығады. Таң алагеуімнен әлгі Сергейге қоңырау шалады. «Бүгін менің жұмысыма келіп кетесің бе?» деп шақырады. Слесарь жігіт таң қалады. Мына дәрігер маған тағы бірдеңе жөндетпекші болды-ау деп шошиды. Әлде есі дұрыс емес пе? Кинодағыдай адамдарға зерттеу жасайтын біреу боп шықпасын? Кім білген бұларды?
Алайда дәрігер қайтсең де жет деп өз дегеніне көндіреді. Қызық бірдеңе көрсетемін, тегін дәрумен беремін деп қорқақ слесарьды алдаусыратып, келтіртеді. Келген соң өтініп жатып, жата кеп жабысып, Сергейге тегін тексеріс жасатады. Сол сәтте қатерлі дерт бар екенін анықтапты. Сәл болмағанда жас жігіт ажал құшпақ екен. Ол ешқашан дәрігерге қаралмағанын мойындайды. Дәрігерге барғанды суқаны сүймейтін.
Дәрігер әріптестерімен келісіп, Сергейге қажетті отаны жасайды. Дер кезінде. Өмірін құтқарып қалды. Дәрігер шын мәнінде өз ісін білетін, білікті маман еді. Ол слесарьдің жүзіне қарап, тыныс алуы мен көгерген еріндерінен денсаулығы болмай жүргенін түсіне қойған. Сосын сол адамды құтқарып қалды!
Өмірде мұндай жағдайлар көп кездеседі. Біз кездейсоқ жолықпайды екенбіз. Сондықтан өмірдегі жаңа таныстарға мән бере жүрген абзал.
Адамның күні адаммен. Егер біреудің жақсылығы өтсе, бұл адаммен неге жолықтым екен деп ойлаңыз. Бәлкім, сіздің де жақсылық жасайтын мүмкіндігіңіз бар шығар. Біздегі бар өзгенің өмірін құтқаруы әбден мүмкін.

вацаптан алынды.
17 ақпан 2020 ж. 643 0