№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақсақ Темірдің сөзден жеңілуі

Ақсақ Темірдің сөзден жеңілуі

Қылышынан қан тамған, кешегі төрткүл дүниені тітіркендірген, атынан ат түгілі адам үркетін әйгілі қолбасшы, жаңа өркениеттің көшбасшы көсемі - Ақсақ Темірдің заманында жырау да, жыршы да, ақын да, ақылгөй де, шешен де, есер де көбейіп көпірме әңгіме, көбік сөз көбейіп кетсе керек.
Бір күні Әмір Темір көреген ордасындағы игі - жақсы, жайсаңдармен кеңесіп мынадай мәмлеге келген екен. Өздерін - өздері дәріптеп, ақылгөйсіп жүргендердің бәрін көз алдарында сан түрлі сынақтардан өткізіп, сыннан өте алмағандарды енді қайтып елге келмейтіндей етіп жаза беретіндерін ескертіп, егер сынақтан өтсе бағалы сый мен құрмет көрсетілетінін айтып жан - жаққа хабар беріпті.
Хабарланған сәттен бастап қаншама талапкерлер келсе де ешқайсысы Әміршінің көңілінен шықпапты.Соншама халықтан абыз кеуде бір адамның табылмағаны үшін билігінен түңіліп, ой теңізіне үңіліп отырғанында Ақ орданың алдынан шу шығып, мәнін біліп кел деп бас уәзірін жіберіпті.
Уәзірі барып мән жайды біліп Әміршіге : Уа тақсыр !!! Есіктің алдында кескіні келіспеген, киімі қырық тесік, үсті лас, денесі баттасқан кір, көзі соқыр, аштықтан әбден арыған қолы аяғы жарылып, еріні кеберсіп, жалаққа айналған бір міскін Сізге кіріп өнерімді көрсетемін дейді. Ал мен рұхсат бермедім депті.
Әмірші қатты қаһарланып, уәзірге сөгіс беріп, шығарған жарғысының бүкіл елге ортақ екенін түсіндіріп, жаңағы міскінді тез алдыма жеткізіңдер, не болса да өнерін көрейін деген екен.
Өнерпазды киіндіріп, қолына аспабын беріп, Әміршінің алдына әкеліп бүкіл нөкерлерімен өнерін тамашалағанда айнала тып - тыныш мамыражай күйге еніп ерекше әсерге бөленіпті.
Қатты разы болған ақсақ Темір сый - сияпатын артығымен беріп қонақтың есімін сұраған екен. Қонағы: менің атым Мемлекет (дәулет) деген уақытта Әмірші мырс етіп күліп жіберіпті.Сұңғыла қонақ неге күлдің хан ием күлкіңнің мәнісі неде деген сұрағын қойыпты.
Ақсақ Темір айтыпты атың дардай Мемлекет өзің соқырсың мемлекет те соқыр бола ма бұл қалай депті. Сондағы соқырдың жауабы :Мемлекет соқыр болмаса ақсақты төріне шығара ма ???
Атақты Әмір Темір Көреген осылай сөзден тосылған екен.Алла соқыр мемлекеттен сақтасын.
30 қаңтар 2020 ж. 1 076 0