№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ананы қуантқан хабар

Ананы қуантқан хабар


Бұл өте ерте заманда болған.
Орта Азия жерлерінің бірінде әсем де көркем елді мекен бар екен. Мұнда тек қана өздерінің рақат тіршілігін ойлайтын ерлі-зайыптылар өмір сүріпті. Олардың бұл дүниедегі бар арманы – перзент көру еді.
Бір күні «Мына жалғаннан көз жұмыс өткенімізде, орнымызда мирасқор болып қалатын ұл немесе қыз берсе екен?..» – деп жалбарына тілейді. Айлар, жылдар жылжып, кексе тарта бастаған кездерінде Алла Тағаланың рақым-шапағаты түсіп, оларға бір перзент жаратып беріпті.
Бағамдап-бағдарлап қараса, мұны асыраудың қиыншылық-тауқыметтері көп екендігіне шыдас бере алмайтындай болып көрінеді. Содан қашқақтаған ерлі-зайыптылар бейкүнә нәрестені бір амалын тауып, жоғалтуға әрекет жасайды.
Ары ойлап, бері ойлап, ерте таң мезетінде ешкімге білдірместен, ескі-құсқы дәке-шүберектерге орап, жердегі гүжім ағаштың түбіне апарып тастайды. Сол заматта кері бұрылып, үйге қайта бастайды.
Гүжім ағаш сиқырлы болатын-ды. Сонда одан таңғажайып бір дауыс шығыпты.
– Ей, адасқанн момын пенделер! Бір сәт тоқтаңдар!
Селк етіп, секем алған ерлі-зайыптылар кері бөрылады. Барып қараса, әлгі құндақтағы домалақ бала бір ғажайып бейнелі жігітке айналып кетіпті. Ол жан-жағына алаңдай қарап, көздері жәудіреп-жалтаңдап тұрады.
Осы сәтте сиқырлы гүжім ағаш жігітке:
– Сенің бір ғана тілегіңді орындауға құдіретім жетеді. Міне, мына тастарға қарашы, бір жағымда үйме-үйме алтын мен күмістер... екінші жағымда ұлан-ғайыр жер мен су, бау-бақшалар... үшінші жағымда адамды ақылынан адастыратын сұлу да сүйкімді қыздар... Осылардың қайсы бірі керек болса, өзің таңдап ала қой. Ей, батыр тұлғалы жігіт! Тек айтқаныңды ғана өзіңе бағыштаймын, – депті-міс.
– Мен еңбек етіп, өмір сүруді ғана қалаймын. Дайын зат пен асқа ие бола салуды ар-ұят санаймын. Ей, мейірлі де шапағатты гүжім ағаш! – депті сол заматта жігіт. – Құдай сәтін берсе, кезі келгенде, пәкиза көңілді, адал жанды қызға үйленемін. Ал, қазір маған барлық нәрседен қымбат та әзіз болған әке-шешем керек. Олардың басымды бір сылап-сипап, мәпелеп өсіруін тілеймін.
Гүжі ағашы:
– Ақылы да, даналығы да бар перзенттің ділден шыққан сөздерін естідіңдер ме? Сендер бұған не айтасыңдар? – дейді.
– Рақмет саған!
– Нәрестеміз өзіміз керек!
– Олай болса, сендер де рақымды болыңдар! Балдан шырын перзент өздеріңе бұйырсын! Өмірі ұзақ, көрер күндері қуанышты да бақытты болсын, әрдайым ырыс пен берекеге кенелсін! – деп сиқырлы гүжім ағаш саумал самалмен ырғатылып, тебіреніп тұрыпты сонда.
Сол мезетте әлгі ғажайып тұлғалы жігіт қайтадан әуелгідей домалақ қана балаға айналып қалыпты. Ерлі-зайыптылардың ризв болғандығы соншалықты, қуаныштары қойындарына симай, жүгіріп барып, құндақты қолдарына алыпты. Нәрестені бауырларына басқан күйінше, үйіне жеткенше асығыпты.
Сонымен, сол бір нәрестенің тағдыры осылайша өз шешімін тапқан екен, дейді.

Құдіретіллә Рахметуллаев,
Жетісай қаласы
22 қаңтар 2020 ж. 505 0