№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Колаға сүт қоссаң...

Колаға сүт қоссаң...

Химиялық тәжірибелердің барлығы қауіпті емес. Оның ішінде танымдық бағыттағы химиялық реакциялар өте көп. Мысалы, күнделікті өмірде кола мен сүтті араластырып, олардың арасында жүріп жатқан реакцияны түсінбей, оны тылсым дүниеге балап жатады. Дегенмен, мұның барлығы химиямен тығыз байланысты екенін естен шығарып аламыз. Ендеше, бұл қызықты тәжірибені де өз үйіңізде жасап көруді ұсынамыз. Коланың төрттен бір бөлігін төгеміз де, оның орнына сүтті құямыз. Тәжірибеге дайындық жұмысы аяқталды, енді, бар болғаны оны бақылаймыз. Бір сағаттан соң өзгеріс анық байқала бастайды. Кұтыда тұнба түзіліп, коланың коңыр түсі өзінің қасиетін жоғалтады. Қандай реакция жүрді?
Кола сусынының құрамында ортофосфорлы қышқыл бар. Ал, сүт нәруыздардан тұрады. Нәруыз – сілті (щелочь), оның қышқылмен реакцияға түсуі бейтараптану реакциясы деп аталады. Бейтараптану реакциясының нәтижесінде тұнба түзіледі. Міне, коланың құтысында пайда болған түйіршіктер – реакция нәтижесі. Химиялық терминдерге түсініктеме: Ортофосфорлы қышқыл – бейорганикалық қышқыл. Формуласы: H3PO4. Суда жақсы ериді. Қолданысы: тамақ өнеркәсібі, авиация, тіс емдеу үрдісінде, ауыл шаруашылығы. Сілті – суда жақсы еритін негіздер. Оларды өндірісте жиі қолданады. Өйткені, олар қышқылдармен реакцияға түсе отырып тұз түзуге қабілетті. Бейтараптану реакциясы – нәтижесінде тұз бен судың түзілетін қышқыл мен сілті арасындағы химиялық реакция. Тұнба – химиялық реакциның нәтижесі.
09 қаңтар 2020 ж. 1 030 0