Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 550

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сынбайтын тәрелке

Сынбайтын тәрелке


... Не жағдай болғанын қайдам, ерлі-зайыптының арасына шайтан от салады.
Тату-тәтті тұрып жатқан отбасында кәдімгідей ұрыс-жанжал орнайды. Күйеуі өзін баса алмады. Әйелін көлігіне отырғызып, ашу үстінде: "Кешір, енді сенімен тұра алмайды екенмін!" деп, төркініне апарып тастап, кете барды...

Сосын тұп-тура мешітке тартып, бесін намазын оқыды. Намаздан кейін де орнынан тапжылмады. Отыра берді, отыра берді... Екінтіге айтылған азаннан шошып өзіне келді. Екінті намазын да оқып, мешіттен шықты да үйіне барды. Қаңырап бос тұрған үйін көріп, көңілі құлази бастады. Дереу әйеліне қоңырау шалып:
- Қымбаттым, саған барайын, үйге қайтасың ба? - деді.
- Мейлі отағасы. Бірақ бір ғана шартым бар.
- Қооош, қандай шарт екен?
- Асханаға кіріңіз.
- Кірдім.
- Бір тәрелкені алып, жерге лақтырып жіберіңіз.
- Лақтырып жібердім!
- Енді сынықтарын жинап, әуелгі қалпына келтіріңіз. Сосын қайтамын!...
- Кешір асыл жарым! Мен негізі пластик тәрелкені жерге ұрған екенмін. Сынбады да, шашылмады да?!
- Түүүу! Риуаяттың да рәсуасын шығардыңыз ғой, отағасы. Келіп мені тезірек алып кетіңіз. Үйдегілерге 2-3 сағатқа келдім деген едім, - депті әйелі.

Материал басқа әлеуметтік желісінен алынды
25 қараша 2019 ж. 1 211 0