№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әкенің айта алмаған ақылы...

Әкенің айта алмаған ақылы...


Құлыным, құлақ сал, көз таста!!!
Қызым, ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде басыңа бақ қонсын десең ақылды бол.

Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көрікті болсам, жігіт — намысты, қарт — жүзге жетсем, ұстаз - шəкіртіне үлгі болсам, ана- балаларым бақытты болса дейді. Бірақ та, қызым, арманына адаспаған жетеді. Жолдан тайып адасқан жан, бағытын да, бақытын да жоғалтқан жан. Ақылды да, қанағатшыл жан арманына жетеді, ақылсыз өмірден түңіліп өтеді.
Қызым, өмірде жақсы дос құрбы табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, күндер жауы көп болады. Ақымақтың досы көп болғанмен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады.
Есіңде болсын: "досың ақылды болса, өзің дана боласың . Досың бала болса, өзің шала боласың".
Жақсы ақыл түсінген жанды тез есейтеді. Қызым, ақылдыға ілессең адаспайсың, ақымаққа ілесіп ақыл қоспайсың. Ағашты бұтағы мен жемісі, тауды қалың орман қалай көркейтсе, əйел адамды да күйеуі мен балалары солай көркейтеді.
Күйеуі, балалары жоқ əйел жол айрығында өскен ағаштай, əр өткен адам жемісін жұлып əкетеді. Əрбір аң қабығын бір тістеп, түкіріп кетеді. Сондықтан, ботақаным əр гүлге бір қонған көбелектей ұша бермей оқуыңды бітіріп, жұмысқа тұрғасын Алла сəтін салып, жақсы азамат жолықса, тұрмысқа шыққаның жөн.
Қызым, амандаса білу, əсірелеп сөйлемеу, кешірімді жəне сыпайы болу қыздың бар болмысы болуы керек.
Сəлемдесе білген, кешіре де біледі. Кешіре білген, рахмет айта да біледі. "Жөнсіз сөз көңіліңді өшіреді, жөн сөз көңіліңді өсіреді"
Тəтті тілмен сөйле, аузыңнан шыққан сөзің жылы болсын. "Ит құйрығын иесіне бұлғаңдатса тамақ жейтінін, иесін қапса таяқ жейтінін ұмытпа"
" Қызым, кейін кеудемді бассын демесең, ешбір бөтен жанға аяғыңды бастыртпа".
Қызым, өзіңнен үлкен кісіні көргенде, қандай жағдайда да құрмет ете біл. Əлі өз басың қандай күйге түсерін білмейсің.?
Қызым, аузыңнан жалған сөз шықпасын. Осы жазғанымды жаныңа ұста.
08 қараша 2019 ж. 932 0