№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Көзден ақты, жас емес бірақ"

"Көзден ақты, жас емес бірақ"

- Өмір неге әділетсіз? Досымсың ғой, ақтаршы жаныңды.. Тым болмағанда сен жауапсыз қалдыра көрмеші сауалымды. 
- Пффф, басталды тағы да..,- деп терең күрсінді де, әлденеше рет қайталана түсетін ортақол әңгімесіне шекесін тыржитты.- Неге осы сен-ақ жыларманның күйін кешесің де жүресің?! Жүрміз ғой өлмей-ақ..Түсіне алмай дал болам түге. Тағдырыңа лағынет айтатындай не көрінді сонша?

- Сен түсінбейсің.. Бұл өмір мені махаббатымнан айырды. Көрмейсің бе, пәк махаббатымнан.. Әппақ қана томпағымнан..
- Өлді ме ол?
- ...
- Өлді ме деймін?
- Астапыралла ! Олай емес әрине..
- Олай болса көзіңді сүрт те, жігіт секілді ұста өзіңді ! Болмашының бәріне көзіңді ағартып..
- Тоқтатпа! Мен өлем.. Иә, дәл қазір өле қалам..Сосын жылайтын боласыңдар. Ол да.. мүмкін..,- деді де, мұрнына сырғып жеткен жасын жеңімен сүртті. 
- Арқан берейін бе? Жо-жоқ. Дұрысы көпқабатты зәулім үйлерге барайық. Өлгеніңді де сезбей қаларсың. Мені де құр уайымдатпассың сосын.
- Әзіл емес, бауырым. Өзгенікі бақыт, менікі мұң. Сөкеттік көрме, екі жыл соңынан қан арқалап жүрегімді ұсындым, я? Қаншама түнді тек соны ойлаумен өткізгенмін. Солай емес пе?! Маған деген титтей де болса сыйластық танытса болады ғой. Өзгені қапсыра құшақтап, ернімен әлгіні жеп қоярдай қылық танытты. Өз көзіммен көрдім.. Ондайды көріп азаптан құса болып өлгенше соқыр болғаным артық ед.
- Саған нендей уәдесін беріп ед? Несіне уәж айтасың енді? Әркімнің өз таңдауы, өз бақыты бар. Таласың бар ма ? Әлде сенікі ғана махаббат, өзгенікі ойыншық сезім бе екен?
- Иә, менің тұла бойымды күштеп билеген сол.. махаббат емей немене?
- ...
- Ол үшін үйдегі анамды да ұмыттым. Әкемнің де тапсырмаларын осының еркелігі үшін кейінге қалдырып-ақ жүрмін. Мұның да бір қайтарымы болу керек қой?!
- Жә, оны қойшы, ал әлгі Айкүміс не болды? Байқауымша, әлі тыным бермейтін секілді өзіңе?
- Оның есімін аузыңа алушы болма.. Қыз жөнімен пәсейіп қана жүрсе қайтед? "Сүйем де күйем" деп құтымды қашырды ғой.. Қазір үйден шығуға қорқам. Аңдитын секілді ме, зәрем тоналды әйтеуір. Қалай түсінбейді? Бір айттым, екі айттым. "Сүймеймін" деп бетіне де бастым. Қояр емес тегі..
- Қайтесің енді, пәк махаббатысың ғой,- деді күліп.
- Алла сақтасын одан! Қайдағыны айтпай жөніңмен отыршы, қазір қасықты жіберем басыңа.
- Несіне таңырқайсың? Ол да сүйед сені. 
- Менікі өзге.. махаббат мендегі.. мүмкін, махаббат...
- Ә, түсіндің бе? Босқа әуре болма.. Тең-теңімен..
- Бірақ..
- Жә,қойшы. Одан да шәй дәмде, өкпемізді басайық..

Сағым Матқали
01 қараша 2019 ж. 633 0