» » ӘЛЕУЕТТІ ЕЛ АТАНУҒА БАСТАР ЖОЛ

ӘЛЕУЕТТІ ЕЛ АТАНУҒА БАСТАР ЖОЛ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің бірлескен отырысында ұсынған бес әлеуметтік бастамасы – Қазақстанның экономикалық тұрғыдан тұрақты өркендеп келе жатқанын көрсетті. Елбасы бастамаларын әлеуетті ел атануымызға бастар жол ретінде қарастыруға да болады.

Елбасының бірінші әлеуметтік бастамасы – әрбір отбасына баспаналы болудың жаңа тетіктерін қамтиды. Яғни, жұмыс жасайтын әрбір қазақстандық үшін жеңілдетілген несие арқылы баспанаға ие болу мүмкіндігі туады. Сонымен бірге, «7–20–25» бағдарламасы бойынша несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан аспайтын болады. Бастапқы жарна пәтер бағасының 20 пайызын құрайды әрі несие алушыға жеңіл болу үшін ипотеканың мерзімі 25 жылға ұзартылады. Бұл баспаналы боламын деген әрбір азамат үшін үлкен қолдау екені анық. Еліміз бойынша экономикалық белсенді халық саны 5 миллионнан асады. Олардың басым бөлігі жеңілдетілген несиемен үйлі болып жатса, экономикамызға да үлкен серпін болары анық. Мұндай жақсы бастама оқуын енді бітірген жастардың да жігерін жанып, олардың еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыра түседі. Бұл бастаманың ел демографиясына да үлкен әсер беретінін атап өткен жөн.
Екінші бастама – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салықтық жүктемесін азайтуға арналған. Жалпы, салыққа қатысты жеңілдіктер елімізде бұрыннан жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, қосымша құн салығының ең төменгі көрсеткіші Қазақстанда қалыптасты. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге салынатын салық көлемі де азайтылды. Енді төмен жалақы алатындар айлығының бір пайызын ғана салыққа аударатын болады.
Үшінші әлеуметтік бастама ретінде Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарына берілетін гранттар санын көбейтіп, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін атап өтті. Бұл ең бірінші кезекте адами капиталға құйылған инвестиция. Осы арқылы студенттердің білім алуы на жағдай жасалып, оларды баспана мен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табады.
Сондай-ақ, ел Президенті төртінші бастамасында шағын несие беруді көбейту қажеттігін атап өтті. Әлбетте, шағын әрі жеңілдетілген несие – жаппай кәсіпкерлікті дамытудың басты тетігі. Әсіресе ауылда әртүрлі шаруашылықпен айналысып жүрген азаматтарға несие көбірек қажет. Мәселен Еуропада әрбір фермер жеке бір шағын өндіріс орны секілді. Біздің фермерлер де, ауыл шаруашылығымен айналысып, күнін көріп отырғандар да осындай дәрежеге жетуі тиіс. Ауылда кәсібін кеңейткісі келгенімен, қаржы жетіспеушілігі қолбайлау болып отырған талай азамат бар. Соларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, шағын несиелерді жеңілдетілген жолмен беру үлкен демеу болатыны сөзсіз.
Президенттің бесінші бастамасы – елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. Мұны жалпыұлттық үлкен жоба деуге болады. Елді мекендерге газ тарту – халықтың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға, үлкен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні анық.
Жалпы, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы – халықтың әлауқатын жақсарта түсудің тиімді жолы. Президент мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру арқылы елдің тұрақтылығын одан әрі дамытуды айқындап отыр. Ендеше бес әлеуметтік бастаманы халықтың игілігіне айналатын ұтымды жобалар деп санаймын.
Д.БАЙДУШЕВ,
аудан әкімі аппаратының басшысы.
16 наурыз 2018 ж. 34 264 1 147
Пікір қалдыру

Пікір 1 147

canadian pharmacies top best от 26 қаңтар 2023 21:47

canadiandrugstore.com от 30 қаңтар 2023 02:24

cheap drugs online от 16 ақпан 2023 15:26

verified canadian pharmacies от 24 ақпан 2023 07:48

prescription drugs canada от 4 наурыз 2023 16:36

rx canada от 6 наурыз 2023 05:05

canadian drugs pharmacy от 6 наурыз 2023 15:40

internet pharmacies от 9 наурыз 2023 08:55

discount pharmacy coupons от 9 наурыз 2023 21:24

canadiandrugstore.com от 9 наурыз 2023 23:26

canada pharmaceutical online ordering от 10 наурыз 2023 07:32

online pharmacy review от 11 наурыз 2023 04:53

reputable online pharmacy от 26 наурыз 2023 05:11

highest rated canadian pharmacies от 27 наурыз 2023 04:53