Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ОТАНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ: РЕФОРМАЛАР МЕН МІНДЕТТЕР

ОТАНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ: РЕФОРМАЛАР МЕН МІНДЕТТЕР




«Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жаңақорған санаториясы» бастауыш партия ұйымында медициналық қауымдастық өкілдерімен «Отандық денсаулық сақтау: реформалар мен міндеттер» тақырыбында сараптамалық диалог өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы реформаларды талқылау, медицина қызметкерлерінің пікірін тыңдау және халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру жолдарын қарастыру.

Диалог барысында отандық медицинаның өзекті мәселелері, медициналық көмектің қолжетімділігі, медициналық ұйымдардың жұмысын жетілдіру және сала мамандарының ұсыныстары сөз болды. Қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін дамытуда тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді.

«Әділет» партиясы халықтың әл-ауқатын жақсарту мен әлеуметтік саланың дамуына бағытталған бастамаларды қолдап, азаматтардың ұсыныстарын тыңдау және өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету жұмыстарын жалғастырады.

Халық денсаулығы – ел болашағының басты кепілі!
16 қазан 2026 ж. 170 0