№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » 200-ден астам азамат мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартыпты.

200-ден астам азамат мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартыпты.


Бұл туралы Премьер министр Олжас Бектенов мәлімдеді.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 480 мыңнан астам мұқтаж отбасының әл-ауқаты жақсарған. Ал 2026 жылдың басынан бері тағы 464 мыңнан астам отбасы әл-ауқаты жоғары санатқа ауыстырылған.

“Әл-ауқаты жоғары азаматтарға қатысты әкімдіктермен бірлесіп, үй шаруашылықтары деректерін тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл санаттағы азаматтар үшін өзгерістер әлеуметтік жәрдемақылардың барлық 36 түрінің тек 14-іне қатысты болады. Қалған 22 түрі бойынша қолданыстағы төлем тетіктері өзгеріссіз сақталады. Көмекке мұқтаж азаматтар үшін мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тәртібі толық көлемде сақталатыны атап өтілді”, – деп мәлімдеді Премьер министрдің ресми ақпарат ресурсы.

Үкімет қазір SMS-хабарламалар жіберу нәтижесінде 200-ден астам азамат әлеуметтік көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақы алудан бас тартатынын мәлімдеді.

“Осы бағытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile қосымшасына енгізілетін жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисінің жаңа жобасын таныстырды. Оның көмегімен әлеуметтік жәрдемақы алатын тұрмысы жоғары азаматтар мемлекеттік органдарға бармай-ақ, онлайн режимде төлемдерден өз еркімен бас тарта алады”, – деп жазды Премьер министрдің ресми ақпарат ресурсы.
16 қазан 2026 ж. 53 0