№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қорымдар құрылыс алаңдарының астында қалуда.

Қорымдар құрылыс алаңдарының астында қалуда.

  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарих және мәдениет ескерткіштерді анықтап, оларды есепке алу, күтіп ұстау, жаңғырту, насихаттауда таптырмайтын құрал. Тарихи орындарды құнттауға мән бере бермейтініміз рас. Оны неге айтып отырмыз. Төл газеттің №79 (8100) нөмірінде «Көне қорымдар қорғауға зәру», №43 (8164) нөміріндегі «Тарихи ескерткіштер – елдіктің бейнесі» атты мақала жарық көрді. Онда Жаңақорған кенті МАИ бекеті аумағында көне қорымдардың ахуалы баяндалды. Алайда кент әкімдігі немесе арнайы мекеме осы тұрғыда түсіндірме бере алмай келеді.

Тұңғыш Президент «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасында айтқанындай, ұлттық код – ұлттың тарихы, ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған салт-дәстүр, тіл мен дінге қатысты бабалардың ұстанымы мен қасиеті. Міне, соларды сақтап, одан әрі дамыту жаһандану үрдісіне қарсы тұратын ұлттық иммунитет. Ендеше, ұлттық тарихты қайта жазып, тарихи жадыны тереңінен қалыптастырудың маңызы зор. Тіптен, уақыттың қажеттілігі деуге болады. Осыны ескерген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қорымдарды зерттеу үшін бюджетке өтінім берген-ді. Аудандық мәслихат депутаттары жобаны қолдап, наурыз айынан бастап арнайы аймақта Ерлан Әміровтың басшылығымен «Archeo-service» ЖШС ғылыми-зерттеу компаниясы қазба жұмыстарына кірісті.
Бұған дейінгі зерттеу жұмыстарында алтыннан жасалған бір қапсырма, шегенделген алтын таспа бөлігі және киімді безендіруге арналған алтын сымдар қалдықтары алынды. Алтын сымды жіптің сыртынан орап киімге зер салған деген болжам бар. Сонымен қатар, екі жүзді етіп темірден жасалған қылыштың бөлігі де табылған (Ғылыми есепте табылған алтын заттардың толық сипаттамасы көрсетілген) еді.

– Бұған дейінгі қорымда бір ғана адамның мәйіті табылған-ды. Бұл жолы бір қорымнан 2-3 мәйіт кездесті. Бірнешеуі тоналғанымен сүйектері ұқыпты қайта қойылғаны байқалған. Обаның сыртқы пішініне, көрдің қазылу тәсіліне қарап оның біздің дәуірімізге дейінгі І-ші мыңжылдықтарға жатқызуға болады деген болжам жасалды. Айта кететіні, тұрғын үйге жер беру және өндірістік мақсатта жерді пайдалану кезінде «Ескерткіштер мен көне тарихи орындарды қорғау туралы» заң өрескел бұзылған. Екі обаның жоғарғы кернеулі электр желілері тартылған жерді қорғау аймағында жатуына байланысты, қазба жұмыстары жүргізілмей қалды. Ал қалған 12 обаға қазба жұмыстары жүргізілуі қажет. Сондықтан құзырлы орындар жер берер алдында осы мәселеге ұқыптылықпен қараса, – дейді археолог Дамир Үмітқалиев.

Археологтың сөзі рас. Соңғы жылдары кент тұрғындарының саны артып, территориясы ұлғаюына байланысты қорымдар құрылыс алаңдарының астында қалуда.
Айта кететіні, қорымдар 45 жыл бұрын космостан түсірілген сурет арқылы белгілі болған еді. ХХ ғасырдың 80 жылдардың басында аудан басшылығы бұл аумаққа құрылыс жүргізуге тыйым салған-ды. Кезіңде тоналған қорымдардан ескі-ескі заманның белгілері табылатыны сөзсіз. Тек аудан басшылығы бұдан кейінгі зерттеу, зерделеу жұмыстарына мән берсе болғаны.

P.S.: Ата-бабаның кез-келген тарихи-мәдени мұрасын сақтап, оны насихаттау бізге міндет. Бұл –өткенімізді танып, келешекті бағдарлаудай қажетті құндылық. Осы тұрғыдан есептесек, МАИ аумағындағы сақ дәуіріне жататын қорымдарды сақтап қалу үшін жер телімдерін қайтарып алу және ғылыми паспортын жасап мемлекеттік тіркеуге алу қажет-ақ. Олай болмаған жағдайда, ескерткішті толықтай археологиялық тұрғыдан зерттеу қиындай түседі.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК
13 тамыз 2019 ж. 1 112 0