Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Абырой биігі аласармайды

Абырой биігі аласармайды



Жаңа ғасырдың жарқын парағын ашып, жапан далада жайқалған егін егіп, тусыраған түзде алып құрылыстардың қазығын қаққан құрыш қолды еңбек адамдары қатарында нәзік жандылар аз болмады. Біз сол кезеңдері еңбектің алдыңғы сапынан табылған елге көрік, сертке берік әйел-аналар жөнінде еске алсақ, Камшат Дөненбаева, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспамбетова, Қамар Үсенбаева, Сәлима Жұмабекова, Айжамал Рүстемова тағы да осындай ардақты жандардың бейнесі жарқырап шыға келеді. Республикадан шығатын жылтыр журналдардың сыртқы мұқабасына жарқыратып шығарып қоятын осы тұлғалардың жарқын келбеттері біздің бала жүрегімзде батыр кейпінде мәңгілік сақталып қалыпты. Бұл да адал еңбектің даңқын асқақтатудың, қарапайым еңбек адамын құрметтеудің, жалпақ елге жалындатып насихаттаудың шынайы бір үлгісі болса керек.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, қара жерден ырзық терген бейнеткештігімен биікке көтерілген, қайраткерлік деңгейге жеткен қазақ қызы – Қамар Үсенбаева.
Алпысыншы жылдардың орта кезі мен жетпісінші жылдардың ішінде ауданда мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы, оның ішінде күріш дақылының көлемін ұлғайтып, одан мол өнім өндіру қолға алынды.
Асқан ұйымшылдықпен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Келінтөбе каналы қазылып, пайдалануға берілді. Ғасырлар бойы құлазып жатқан кең дала жайқалып, құлпырып шыға келді. Түгіскен алқабына ел келіп қоныстанып, үлкен бір тіршілік тынысы ашылды.
Түгіскен алқабына алғаш орналасқан «Келінтөбе» кеңшарынан бірнеше шаруашылықтар кейін өз алдына енші алып шықты.
1966 жылы «Задарья» кеңшары жаңадан ұйымдастырылғанда бұл шаруашылыққа директор болып бұған дейін «Талап» совхозын басқарып келген Әбдіғаппар Нұртазаев тағайындалды. Ол осы жердегі ақсақалдармен кеңесіп, бұрын ашаршылық, қуғын-сүргін кезінде Тәжікстан, Өзбекстан жерін паналап кеткен ағайындарды қайтадан елге әкеліп, қоныстандыру талабына бел буды. Соның нәтижесінде 300 отбасы елге қайта оралды. «Елге ел қосылса құт», осындай игі тірліктің нәтижесінде шаруаға да жан бітіп, кәсіпшілік аяғынан қаз тұра бастады. Шаруашылықта күріш көлемі алғашқы жылдардың өзінде 1500 гектарға дейін ұлғайды. Күріш дақылынан мол өнім жиналды. Майталман диқандардың қатары көбейді. Әбдіғаппар Нұртазаевтың шаруашылықты ұйымдастырудағы еңбегі жоғары бағаланып, ол «Құрмет белгісі», Октябрь революциясы ордендерімен марапатталды. Қазір «Қыркеңсе» бөлімшесі Әбдіғаппар ауылы деп аталады.
29 шілде 2019 ж. 568 0