№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Татуласу орталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді

«Татуласу орталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді


Жаңақорған аудандық сотының халық арасында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау мәселесі бойынша  жұмыс жоспарына сәйкес Жаңақорған кентінде орналасқан «Татуласу орталығында» аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев азаматтарды қабылдау өткізді.
«Азаматтарды қабылдау» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету және татуласу рәсімдерін кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.
Іс-шараға келген аудан тұрғыны А., қарыз ақша өндіру мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.     
Қабылдауға кент тұрғыны Т., есімді азамат келіп, жер дауы мәселесіне және заңнамаларды түсіндіруге қатысты сұрақтарын қойды.
Қабылдауда болған тұрғындарға дауды сотқа дейін татуласу рәсімдері негізінде шешу тәртібі түсіндірілді және қазіргі таңдағы сот жүйесіне енгізілген жаңа технологиялар туралы айтылды.
Сонымен қатар, татуластыру рәсімдері аясын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын, бұл пилоттық жоба дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталғанын, жаңа жоба медиация институтының дамуына орасан зор ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретіндігін айтып өтті.
Судьялардың халықпен жүздесуі азаматтарға дәйекті жауап  алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Қайнар:Жаңақорған аудандық отының баспасөз қызметі
29 шілде 2019 ж. 741 0