«Татуласу орталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді

«Азаматтарды қабылдау» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету және татуласу рәсімдерін кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.
Қабылдауға кент тұрғыны С. есімді азаматша келіп келіп, жер дауы мәселесіне және заңнамаларды түсіндіруге қатысты сұрақтарын қойды.
Өз кезегінде аудандық сот судьясы И.Тұңғышбаев қабылдауға келген азаматшаның сұрағына қолданыстағы заң нормалары шеңберінде жауап берді.
Судьялардың халықпен жүздесуі азаматтарға дәйекті жауап алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Қайнар: Жаңақорған аудандық отының баспасөз қызметі.