Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

Жаңақорған аудандық сотының төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Азаматтарды қабылдау шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығымен жариялығын арттыру мақсатын көздейді.
Осыған сәйкес, аталған шара аудандық сотта әр аптаның сәрсенбі күні өткізіледі. Кез-келген азамат белгіленген күні сотқа келіп, сұрақтарына жауап ала алады.
Қабылдауға кент тұрғыны А. есімді азамат келіп келіп, жер дауы мәселесіне және заңнамаларды түсіндіруге қатысты сұрақтарын қойды.
Төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева даулы мәселеге байланысты заң аясында толыққанды жауап беріп, заңнама талаптарын түсіндірді.
Қабылдауда болған азаматқа сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілді және қазіргі таңдағы сот жүйесіне енгізілген жаңа технологиялар туралы айтылды.
Судьялардың халықпен жүздесуі  азаматтарға дәйекті жауап  алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
30 мамыр 2019 ж. 821 0