№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАППАЙТЫНЫ ЖОҚ, СУ СІҢІРГІШ АСФАЛЬТ ПАЙДА БОЛДЫ

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАППАЙТЫНЫ ЖОҚ, СУ СІҢІРГІШ АСФАЛЬТ ПАЙДА БОЛДЫ


Жаңа Топмикс (Topmix) қаптамасын шетелдік Lafarge Tarmac компаниясы ұсынып отыр. Инновациялық бетон 60 секунд ішінде 4000 литр су сіңіре алады.  Бұл жол бетоны суды арнайы ірі тастардан тұратын торлы құрылымы негізінде сіңіреді. Жолдың төменгі қабаттарына арнайы дренажды құбырлар орнатылып, сіңірілген су сол арқыры ағып кетеді. Бұл, әсіресе, сел жүру қаупі бар аймақтарға өте тиімді. Оның үстіне жолдың төменгі қабаттарында орналасқан су температура артқан кезде асфальтты қатты қызып кетуден қорғайды.
Бұл жүйе көлік жолдары, тұрақтар мен спорт алаңдарына қолданылуға тиімді.
Айта кететіні, Жапония мен Түркияда қар қатпайтын асфальт бар. Уақыт өте келе асфальт жолдар жаңғыртыла беретіні белгілі...

26 қыркүйек 2018 ж. 1 127 0