№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бір баласы барлар да 21 мың теңгені алады

Бір баласы барлар да 21 мың теңгені алады

Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді.
ÐÑÑивÑÐµÐ³Ñ ÑоÑо
  Тұрмысы төмен отбасылардың кірісін тексеру кезінде жәрдемақының 4 түрі есептелмейді. Бұл туралы президент тапсырма берген.  
"Президенттің тапсырмасымен осы мәселе қаралып жатыр. Жәрдемақының 4 түрі есептелмеуі мүмкін. Олар – көпбалалы отбасыларға, "Алтын" және "Күміс алқа" иегерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақы және мүгедек балаға қарастырылған төлем. Сондай-ақ шәркіртақы да кіріске жатпайтын болады", - деп түсіндірді  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светалана Жақыпова.Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және тұрмысы төмен азаматтарға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 миллиард теңге қарастырылған. Төлемді күнкөрісі қиын отбасылар алады, деп хабарлады "Астана" арнасы.
   Вице-министр жұрт мемлекеттік жәрдемақыға иек артып, масылдыққа жол бермейді деп санайды. Дегенмен, олай болса, жұмысқа қабілетті азаматтың отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды. Олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылады. Бірақ, әр балаға берілетін жәрдемақы төлене береді.    
"Егер жалғызбасты ана 4 баланы өзі бағып отырса, балалары 20 789 теңгеден алады. Өзі балаға күтім жасап отыр ғой, ол анаға да 20 789 теңге төленеді. Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді", - дейді вице-министр.


14 наурыз 2019 ж. 2 014 0