№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жедел ішек ауруы жиілемесін десек...

Жедел ішек ауруы жиілемесін десек...


Жыл сайын жазғы маусымда тағамнан улану дерегі жиі тіркеледі. Әсіресе, жедел ішек ауруларынан зардап шегетін балалардың қатары көбейетінін мамандар растап отыр. Өйткені, жазда жеміс-жидектер мен көкөністер пісіп, нарықты жаулай бастайды. Осыған сай, тұтынушылар талғамы арта түседі. Алайда, сақтанбаудың нәтижесінде зардап шегетіндер жедел-жәрдемге жүгініп жатады. Сондықтан, уланудың алдын алу үшін не істеу керек? Бұл жөнінде аудандық қадағалау басқармасы (СЭС) мен денсаулық сақтау ұйымы мамандарының ұйытқы болуымен түсіндірме акция жұмыстарын қоғамдық жерлерде өткізуде.
Иә, қазір базар сөрелерінде көршілес өңірлерден келген тауарлар толы. Ерте піскен бақша өнімдеріне тұрғындардың талғамы ерек. Жалпы, жаз мезгіліндегі уланудың басты себебі – аптап ыстықта шыбын-шіркей, құрт-құмырсқалардың азық-түлікке микроб тасып, зиян келті­руінде. Сондай-ақ, салаға жауап­ты мамандар уланудың тағы бір себебіне тағамды дұрыс температурада сақтамауынан, дұрыс жылытпай, бүлін­ген тағамның келесі тағамды ластауын жатқызуда.
– Уланудың сипаттарына жүрек айну, құсу, бас ауру, іштің өтуі мен асқазанның батып ауруы жатады. Алайда, мұндай жағдайға душар болмас үшін сақтық шараларын қолданған жөн. Ол үшін ең бірінші, азық-түлік сатып алмас бұрын оның қамтамасында көрсетілген жарамдылық мерзіміне қараңыз. Сонымен қатар, тамақтанар алдында, жеміс-жидекті жейтін алды оны жуып алған дұрыс, – деді Шынар Бердалиева.
Сондай-ақ, мамандар балабақша­лар­дағы сақтық шараларына аса мән беруге кеңес беруде. Әсіресе, асханаларда жұмыс істейтін қызмет­керлердің мерзі­мінде бактериоло­гиялық зерттеуден өтуі тиіс екенін алға тартады.
Ал, жедел ішек ауруларын алдын алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары он «алтын» қағиданы қатаң сақтауға кеңес береді. әзірленген асты суытпай жеу, тағам өнімдерін дұрыс сақдау, шикі және дайын ас арасындағы байланыстан аулақ болу және сол секілді өзге де қағидаларды бақылауға алған дұрыс...

Лаура БИБАСАРОВА.
25 мамыр 2019 ж. 1 353 0