Соңғы жаңалықтар

№37 (8851) 20

20 мамыр 2025 ж.

№36 (8850) 17

17 мамыр 2025 ж.

№35 (8849) 13

13 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Психологиялық тест: Бірінші кімді көрдіңіз? (фото)

Психологиялық тест: Бірінші кімді көрдіңіз? (фото)

Бұл психологиялық тест арқылы сіз жан дүниеңіздің қай жаста екенін анықтай аласыз. Психикалық жас сізді ақылды, не ақымақ деп бөлмейді. Бұл тек сіздің өмірге қалай қарайтыныңызды көрсетеді.

Ең бірінші не көрдіңіз?Егер сіз қарияны көрген болсаңыз...
Сіз ерте есейіп, көпті көрген жансыз. Бірнеше рет құладыңыз, бірнеше рет қайта тұрдыңыз. Осыған дейін көптеген қателіктер жасадыңыз. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз мол. Данышпан болуыңызға септігін тигізген біліміңізде жетерлік. Сондай-ақ сіз өте байсалды, сабырлы жансыз.
Егер қызды көрген болсаңыз...
Бұл сіздің әлі де бала, әлі де кішкентай екеніңізді білдіреді. Сіз өмірге кішкентай бала секілді үлкен қызығушылықпен қарайсыз. Өміріңізде болған қиыншылықтарға қарамастан, сіз болмашы нәрсеге қуанып үйренгенсіз. Өзіңіздің ішкі адалдығыңызды, шынайылығыңызды сақтап қалғансыз. Ал болмашы нәрсені көріп өзін бақытты сезіну қазіргі таңда сирек кездесетін қасиет.
Аударған: Әсел Болатқызы.
ДЕРЕККӨЗ: qamshy.kz
21 мамыр 2019 ж. 4 030 0