№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ПЕРЗЕНТ СҮЮДЕ

ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ПЕРЗЕНТ СҮЮДЕ

Алдымен адамға өмір дидарын сыйлайтын перзентханаға бардық. Перзентхана бөліміне кіргеннен сәбилердің іңгәлаған дауысы көңілге шаттық, жүрекке жылулық сыйлайды. Мұнда мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы жүкті әйелдерге қызмет көрсетіп жүрген Айгүл Аппазоваға жолықтық.


– Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман. Мейірбике – емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді, – деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз.
Жастайынан дәрігер болуды мұрат еткен ол Қызылордадағы медициналық колледжді бітереді. Одан кейін перзентхана бөліміне орналасып, 28 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келеді.
– Әйел бақытының ғажабы – бала сүйіп, ана атану. Ал, қазақ бала тәрбиесіне қашанда құрсақтан мән беріп, өмірін ұзартатынына қуанған. Перзетханада осындай қуанышты сәттерді көріп, өзіміз де рухани серпіліп қаламыз, – дейді медбике.
Перзентхана – адамға өмір сыйлайтын құтхана десек, онда қызмет етуде бойыңа адамдық, адалдық қасиеттерін сіңіруің қажет. Себебі, дүниеге бейкүнә перзент келетін жерде адал жандар ғана өзгелерге қуаныш сыйлай алады. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязына бағынбайтын қызмет түріне тек өз ісін құрметтейтіндер ғана төзе алады. Ал, қызмет бабында кездескен қиындықтар мамандарды кәсіби шыңдай түсетіні ақиқат. Осындай тәжірибе алаңында шыңдалған перзентхана бөлімінде соңғы жылдары ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Әрине, мұндай еселі еңбекте Айгүл Аппазованың да еңбегі бар.
– Перзентханада істеген жылдары көп нәрсені үйрендім. Ауруы асқынған аналарға көмектесіп, отадан кейін түзеліп кетуі үшін көмегімді аямадым. Ол уақытта медицина қызметкерлерінің барлығы алдымызға келген науқасқа жаны ашып, оның сауығып кетуі үшін бар күшімізді саламыз, – дейді тәжірибесі мол медбике.
Аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің бөлім меңгерушісі Сәуле Бөлек­байқызы: «Айгүл Нұртазақызы бөлімдегі тәжірибелі маманның бірі. Ол аудан келіншектерінің өмірге дені сау ұрпақ әкелуі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Өз ісінің нағыз маманы», – деп әріптесінің қабілет-қарымын айтты.
Перзентханада күнделікті бірнеше өмірге нәресте келіп жатады. Сондай қуанышқа кенелген ананың бірі – Фарида Ахмет. Үшінші перзентін дүниеге әкелген 21 жастағы анаға бауы берік болсын айтып, әңгімеге тарттық: «Мен Түркістан қаласынан осында қыдырып келіп, аяқ астынан толғағым басталып, осында босандым. Көріп тұрғандарыңыздай аман-есен перзентті болып, қуанып отырмын. Дәрігерлер мен медбикелерге алғысым шексіз. Әр шаңырақ сәби үні мен күлкісіне бөленсін. Ұрпағымыз өсіп-өніп, ел аман, жұрт тыныш болсын», – деп перзентхана бөліміне ақжарма лебізін білдірді.
Адамға қуаныш сыйлайтын перзентхана бөлімінен кейін науқастар көп келетін терапия бөліміне келдік.

Лаура БИБАСАРОВА.

18 мамыр 2019 ж. 1 317 0