№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СӨЗДІҢ ЕСТІСІ БАР ЕСЕРІ БАР

СӨЗДІҢ ЕСТІСІ БАР ЕСЕРІ БАР

Байқайсыз ба, бәріміз саясаткер болып барамыз. Есік алдындағы аядай аулаға қарауға аяқ баспайды, ал, ауызбен аспанды аралаймыз. Абай айтқандай, сөздің де естісі бар, есері бар, дәріптеулі сөздің дұрысы жақсы ғой. Өлімді жерде қағытпа сөз айтатын, той-томалақта қайғыны қозғайтын тұрпайы тірлік көзге шыққан сүйелдей екен. Тіпті, сондай сипаттағы сөздерді ата сақалы аузына түскендерден естігенде әбес қылыққа қысыласың. Екі шалдың басы қосылса саясаттың шідерін шешіп, билікке бас салады. Өсек-аяң желдей еседі. Осымыз оғаш-ақ!
– Жамандықтың бәрі жер бетіне шыққан, – деді бір кісі күйініп. Оған екінші кісі қосылып: – Соны айтам да, адамгершілік дегеннен жұрдай болып барамыз. Бұлай бара берсе не боламыз? – деді амалы таусылғандай. Үшіншісі: – Бәріне кінәлі қоғам, – деді, – өйткені баланың өзі біздің айтқанмен санаспайды. Өзара әңгіме қызып жатты. Сырт қарағанда сымбатты секілді. Сөйте-сөйте олардың ешкімге көңілі толмаған күйі шыр-пыры шығады. Басу айтсаң баж ете қалуы мүмкін. Үлкеннің сөзін бөлу әдепсіздік деп амалсыз үнсіз қалуға тура келеді. Бірақ күңкілі бір басынан аса алмайтын егде адамның егесі ерсі көрінеді. Еркекке тән мысы жоқ, сылдыр сөз. Ауызбен орақ орудың шебері. Өзінің күйбеңінен өзгенің кемшілігін көргіштер.
Қап десеңші! Түйедей тірлікті қабақпенақ қанықтыратын қайран аталар қайдасың қазір деген ой келіп тұрады көкейге кептеліп? Тәйірі, төтеннен тіріліп келсе бүгінгінің шоқша сақал шалдарын шетінен шертіп ала ма еді... Туасы, уақытына қарай адамы шығар, бір қатынның қасында бүйірін қасынып қалған қарияларға да обал-ақ, базына айтқанмен белінен шыққан балаға да сөзі жүрмесе амал нешік? Сосын күңкілдемей қайтсін? Мән берсеңіз, мысал айтайын. Жаңақорғанның бір жігітін жақсы білемін. Қазір қалада тұрады. Сол азаматтың әйелі бала үстінде өмірден өтті. Жалғаннан түңіліп кете жаздады. Соны сезген атасы қайынжұртқа шақырып:
– Балам, Құдайдың ісіне қарсы тұра алмаймыз. Өзі берді, өзі алды. Енді тірі адам тіршілігін жасау керек. Сен емендей шорт сынба, өмірің алда. Отың өшпесін, мына мектеп бітірген қызымды саған қостым. Сәті түссе, оқытып аларсың, оны өздерің шешесіңдер, – деді. Әкенің қас-қабағынан қаймыққан қызы ләм-мим деген жоқ. Жездесімен қол ұстасып кете барды. Сол отбасы қазір қаладағы бақытты шаңырақтың бірі. Ұл-қыз өсіріп, алды азамат болды. Келіншегі оқып, бір қызметтің тізгінін ұстап отыр. Табысқан тағдырларға таңданасың.
Міне, осындай кесімді сөзі бар әкелер мен сөзі өтімді аталардан айналасың ғой! Ел ішінде бар мұндай өнегелі мысалдарды сіз де айта аласыз. Бізге жазыңыз, асығып күтеміз!

Қаныбек ӘБДУОВ.

11 мамыр 2019 ж. 913 0