№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "КӨКЕК АНА". КӨКЕК СОНШАЛЫҚТЫ ТАСБАУЫР МА?

"КӨКЕК АНА". КӨКЕК СОНШАЛЫҚТЫ ТАСБАУЫР МА?

Көшпелiлер өмiрiнде саңырау көкек, сасық көкек, бәбiсек көкек деген түрлі атау алған көкек құсы аса мәртебеге ие емес. Ел іші оларды «ұшқалақ, тасбауыр, жұмыртқасын жат ұяға салады» деп саралайды. Қолынан ұя салу келмейтiн, баласын басқаның бауырына салып беретiн көкектiң осы мінезіне қарап, «көкек ана» деген тіркес те қалыптасып кеткен. Сонымен бірге «көкек өз атын өзі шақырады» деген тағы бар. Ел аузында қалыптасып қалған әлгі екі сөздің жөніне ой жіберейік.
Көкек құстың балапанын өзге ұяға апарып тастайтыны рас. Ол балапанын өзі басып шығармайды.
  Біріншіден, орнитологтар көкектің жаратылысы балапан басуға қабілетсіз екенін айтады. Егер ол балапан басуға отырса, онда алғашқы балапаны жарыққа шыққанда соңғысы әлі жұмыртқа күйінде жатады екен. Себебі, көкектің жұмыртқаны тез шайқап шығаруға денеден бөлінетін жылуы тапшы. Сондықтан, бір балапанын шығарам деп жүргенде жетілген екінші балапанның жұмыртқа ішінде өліп қалуы әбден мүмкін. Олай болса біз құйттай құстың бойынан Жаратушы бермеген қасиетті неге іздеуіміз керек. Егер құстар адамға «біз сияқты неге ұшпайсыңдар» деп кінә тақса қисынды болар ма еді?
  Екіншіден, аталық көкек балапанына өш келеді дейді. Тіпті, ол тұқымын жұмыртқа күйінде жарып тастаудан тайсалмайды. Аналық көкектің шыр-пыр болып өз жұмырқасын өзге ұяға тасуына себеп болатын жағдайдың бірі сол болса керек. Нағыз аналық махаббат осы емес пе?
... Жетімсіреп жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.
Мұқағали ақынның осы бір шумағында біз сезінбеген бір мұң бар.
Мүмкін сол бір сорлы құс басқа ұяда қалған балапанын іздейтін шығар.
Байыбына бармай байбалам салған адамдардың «көкек ана» деген сөзін қайтып алғаны дұрыс-ау. Ал, Алла сана берген, сан түрлі нығымет берген адам баласының іштен шыққан бейкүнә нәрестесін лақтырып кетуі лағынет дегенге ғана лайық.
Екінші мәселе, көкек өз атын шақыра ма? «Кук-кукк!» деп барынан хабар беріп тұрған құйттай жаратылысқа қапелімде ат таппай, өз даусын өзіне ат қылып бере салған осы біз, адамдар емес пе екенбіз? Ендеше, оны «өз атын шақырады» деп ғайбаттап жүргенімізге жол болсын.
Д.АЯШҰЛЫ.
05 мамыр 2019 ж. 2 788 0