№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Егер шашыңыз жиі түссе...

Егер шашыңыз жиі түссе...



Шаш – адамның көркі. Әсіресе, әйел атаулыға ерекше көрік беретін бұрымы болса керек. Сол үшін де қыз-келіншектер шашының әдемілігінен, жылтырлығынан ләззат алып, өз сұлулығына тәнті болып жатады. Алайда, көп бояғанның кесірінен немесе дұрыс күтім жасалмағанның салдарынан шаш икемге келмей, көріксіз реңгке айналып кететін сәттер де болады. Мұндай сәтте не істеу керек? Бірге талдап көрелік.
  1. Шашты күнде жууға болмайды. Шаш түбіндегі теріні шампуньдар құрғатып жібереді. Салдарынан, шаш өте ұшқалақ, сылдырлақ болып кетеді. Шашты жуғанда сусабын құрамына арнайы желатин қосудың пайдасы зор. Бұл шаштың жылтырлығы мен қалыңдығына көмек береді.
  2. Күнделікті қолыңызды сабындап жуып, арнайы кремдер жағып күтім жасайтын сынды шашқа да күтім жасай білу керек. Дені сау шаш – сүлулықтың басты нышаны. Ал, шаш сау болсын десеңіз ағаш тарақпен ұшын қолмен ұстап тұрып тараңыз. Сонда шаш көп түспейді әрі түбі зақымданбайды.
  3. Егер шашыңыз жиі ұшталатын болса, міндетті түрде ұшын қырқып отыруды әдетке айналдырыңыз. Себебі, ұшталған шаш жоғары көтеріліп, өзге бөліктеріне зиян тигізеді. Сондай-ақ, мұндай шаштардың ұшына зығыр, эфир, майсана сынды майларды жиі жағып тұру қажет.
  4. Егер шашыңыз өспейтін болса сіздің денеңізге дәрумен жеткіліксіз деген сөз. Аптекаларға барып, шаш өсіруге ықпал ететін витаминдерді алыңыз. Әрі шаш өсіруге сарымсақ, пияз, жұмыртқа сынды өнімдердің пайдасы зор. Аталған қоспаларды біріктіріп, 2-3 күнде 1 рет маска жасап тұру қажет.
  5. Шашыңызды аппақ күріштің екінші жуылған суымен жуыңыз. Бірінші шайылған суда шаң-тозаң болатындықтан, құрамында минералдар болмайды. Ал, екінші жуылған күріш суы тұнбасы шаштың жылтырлығы мен саулығы үшін көп көмек береді. Күрішті нан ретінде пайдаланатын кореялықтардың сұлулығының басты құпиясы да осында болса керек.
  6. Шашты пеньмен кептірмеңіз. Бұл денсаулыққа аса зиян. Ултрадыбыс арқылы келетін толқын адам миының зақымдануына, терінің жұқаруына соқтырады.
  7. Шашты жуған соң, сүлгімен орап алып, ұзақ жүрмеңіз. Ылғал шаш өте сынғыш келетіндіктен, қатты сүлгі ішінде түсіп қалады. Оның орнына жұқа материалдағы футболка немесе матаға сүртуге болады.
Дайындаған Ханзада ДОШАН.
30 сәуір 2019 ж. 1 781 0