№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Иықтан шашың төгіліп жерге

Иықтан шашың төгіліп жерге

Ұзын шаш қыз баланың көркі. Ертеректе қазақ салты қызды бұрымына қарап бағалаған көрінеді.Халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? - деп Абай ақын жырға қосқан бұрымды қыздарды қазір жиі көре бермейміз. Әлемдік трендке еліктеп қолан шашты қиюға асықпыз.
Қазақ халқының ежелгі қылмыс туралы заңында шаштың өзіне байланысты арнайы баптар болған. Бұзық ойлылар есерлер әйелдің шашын кесетін болса, ол әйелдің бір дене мүшесін кескен болып есептелген және соған сәйкес әлгі адам қатаң жазаға тартылып, үлкен айып төлеген. Ал енді әйелдер қылмыс жасаса, оларға қолданған жазаның ауыр бір түрі – шашын кесу болған. Ол кезде шаш кесу әйелдер үшін өлім жазасына тең жаза ретінде қаралған. Қарап тұрсаңыз, мұның бәрі халқымыздың әйелдердің шашын баяғы кезден-ақ өте қатты бағалағанын, қасиетін терең түсінгендігін көрсетеді. Бұл күнде мұны біріміз білсек, біріміз тіпті де білмейміз.
Қазіргі таңда шаш күтіміне арналған көптеген кеңестер бар. Күріш суымен шашыңызды жусаңыз, рең беріп, шаштың түсуі азаяды.
 Шашты күнделікті жуу бас терісіне зиян, ол бас терісін құрғатып, тері астындағы шашты қоректендіретін майларды шайып жібереді. Нәр алмаған шаш нәзік, морт сынғыш болады. Сондықтан шашты аптасына 1 не 2 рет жуған абзал. Екі ас қасық түйеошаған майы (репейное масло) мен бір жұмыртқаның сарысын шашқа жағып, 20-25 минут ұстау керек. Бұл масканы аптасына 2 рет қолданады, нәтижесі 1-2 айдан кейін болады. Масканың құрамындағы май мен жұмыртқаның мөлшері шаштың қалыңдығы мен ұзындығына байланысты тағайындалады.
Басыңызды жуып болғаннан кейін, дәріханаларда сатылатын қалақай (крапива) шөбінің тұндырмасымен шашты шаю керек.
Қорыта айтқанда, шашыңызға күнделікті күтім жасау қалтаға емес, өзіңізге байланысты. Ұзын шаш ешқашан сәннен қалған емес, кез келген киімге, кез келген ортаға жарасады. Бұрымнан шашбаудың сыңғыры шықсын.
Малика Нұрымхан.
28 шілде 2018 ж. 1 636 0