ІСТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН ТАБЫСҚА КЕНЕЛЕДІ (ойсалар)
Ағаш кесуден әлемдік жарыс өтіп жатыр. Ақтық сынға канадалық пен норвегиялық шығыпты. Оларға таңнан кешке дейін ағаш кесу тапсырылыпты. Кім көп кессе, сол жеңімпаз. Жарыс басталып, екі жақ та ағаш кесуге кірісіп кеткен. Біраз уақыттан соң канадалық норвегиялықтың тоқтап, 10 минут демалғанын біледі. Өзіне берілген мүмкіндікті қалт жібермей канадалық қарқынын үдетеді екен. Әр сағат өткен сайын норвегиялық 10 минут жұмысын тоқтатып отырады.
Ақыры кеш болып, жеңімпаздың кім екенін білерде канадалық өзіне сенімді болыпты. Сонда қазылар алқасы норвегиялықтың көп ағаш кескенін жария етеді. Аң-таң күйде канадалық қарсыласының сағат сайын 10 минут тоқтағанын, ал өзінің үзбестен ағаш шапқанын айтып шамданады. Сонда норвегиялық әр сағат өткен сайын өзінің балтасын қайрауға 10 минут жұмсағанын айтыпты.
Бұдан шығатын қорытынды, әрбір істің көзін тапқан табысқа кенеледі деген осында жатыр.