№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗІРГІ ӘУЕНДЕР НЕГЕ ЖЫЛАУЫҚ?

ҚАЗІРГІ ӘУЕНДЕР НЕГЕ ЖЫЛАУЫҚ?

  Үлкенді – кішілі той-томалақтарда орта және егде жастағылар әлі күнге дейін Шәмші Қалдая­қовтың әндерін орындаушылардан сұрап жатады. Себебі, жүректен шыққан ән жүрекке жетеді. Кеңес дәуірі кезінде социалистік идеологияның күшті кезі ме, әлде, сол кездегі адамдар қазіргіден жігерлі ме, әндердің барлығы патриоттыққа үндеп, ұжым болып қосылып, қырманға барғанша, қайтқанша «Қырманға кел, қалқатайды», «Атамекен», «Алатау», «Арыс жағасында» сынды сезімге де бай, ырғағы да ыңғайлы, жаттауға қолайлы, сөзі де салмақты шынайы шығатын.
Қазіргі әндердің дені жылауық. Неге?
   Анекдотқа бергісіз жағдай. Бірінші сыныпқа барып жатқан оқушыдан апайы: «Қандай ән білесің, ұялмай айта қойшы», – дегенде ол қысылмай, қымтырылмай: «Не жаздым, жаным саған, Қарамастан кеттің маған...» деп аңырата жөнеліпті.
    «Жетейін десем, жете алмай жүрген жоқпын ба -аааай!». Ойбай, ау бұл жігіт есірткіге елтіп, орнынан қозғала алмай тұр ма? Қызға баруға ақшасы жоқ па? Бұл сорлы, ешқандай көлік жүрмейтін айдаладағы қышлақта жалғыз өзі адасып, қалып қойды ма екен? Мұнысы несі?
    «Жүрегіңнен бір орын бер, бос болса?»,- қыздың жүрегі жігіт үшін автокөліктің салоны ма, егер, онда бірнеше жігіт отырса қайтесіз? Орнын тартып аласыз ба?
    «Шымкенттің қыздары зың-зың-зың»,-деген әнді автобуста егде жастағы әйелдің құлаққапты киіп алып, ыржалаң-ыржалаң етіп, екі құлағы екі езуінде мәз болып тыңдап отырғанын көргенде, жыларымды не, күлерімді білмедім.
Әлеуметтік желідегі мына рэптің сөзін қараңыз: Ей, жынды қыз тыңда! Бұл саған арналады, Мен саған бара алам қатты сағынғанда, мына өмірде бәрі жалған, тазалық қалмаған, адалдық деген нәрсе кішкене ғана қалған, ойланып қарасам, сенімен ғана жарасам, Ей жынды қыз!!!
    Сондағы жынды қыздың жауабы: «Ей, жынды бала мені тыңда, Мені сүйемін десең короче, қума, менде саған деген сезім жоқ...Ал, ендеше жеткен жеріміз.
   Таксиде келе жатып «FM» радио­бағдар­ламасынан бір ән тыңдадым. Сөзі мынадай: Жүрегім менің – молодой. Достарым менің – золотой. Бауырларым – дорогой... деп желпініп жырлап тұр. Шіркін-ай, баяғы ақындардың, сазгерлердің көркемдік кеңесі болса: «Қарағым, бас қатырмай бара ғой!,-деп қолдарын бір сілтер еді.
    Бұларға қарағанда, Кентал жырау ма дерсің. «Бірлік болсын елімде, Бірлік болсын жерімде, халқым, халқым»,-деп келетін Кенталдың өлеңін мүлде жақтырмайтынмын. Бірде, Астанада парктегі әткеншектің қасынан өтіп бара жатсам, кішкене екі қыз осы әнді айтып, тербеліп отыр. Апырмай, «Кентал әулие екен» дедім. Себебі, бір сөзді он рет қайталау ақыл-есі дұрыс адамның әрекеті болмаса керек. Ал, «Бірлік болсын елімде, Бірлік болсын жерімде, халқым, халқым!»,- деп айту дұға секілді болып естіледі екен.
    Біздің еліміздің өркендеп дамуы ынтымағының арқасында. Ән деген құдіретке жүрек көзімен қарамаса болмайды. Өйткені жас өскін өсіп келеді.


Ескендір ЕРТАЙ.

21 сәуір 2019 ж. 1 287 0