№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒАРЫШТЫҚ ҚҰРТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ

ҒАРЫШТЫҚ ҚҰРТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ

 
 
Қазіргі таңда қазақстандықтар елдің бренді болатын нәрсені таба алмай жатыр. Брендке сұранып тұрған нәрсенің алдыңғы қатарында құрт бар.
Себебі. Алдымен ғарышқа ит одан кейін адам ұшса, одан кейінгі орында қазақтың малта құрты ұшты. Бұл туралы қазақтың үшінші ғарышкері «Дастархан-6» экипажының мүшесі Айдын Айымбетов майын тамызып айтады. Ол Қазақ тағамтану академиясы арнайы әзірлеген еңбекке қабілеттілікті арттыратын, иммунитті күшейтетін, шаршағанды басатын дәрумендік тағамдарды ғарышқа алып ұшып, сонда сынақтан өткізді. Ол тағамдардың қатарында құрт бар. Одан кейінгі орында биенің құрғақ сүті мен ірімшік бар. Исатай басшының оң қолы болған Махамбек Өтемісұлы: Алты малта ас болмай, өзіңнен туған жас бала сақалы шығып жат болмай, ерлердің ісі бітер ме?!» деп жырлайды. Сөзі көп мылжыңбасты қазақ: «малтаңды езбей тезірек бітірші» деп қалжыңдайды.
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені  он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6 пайыз болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52, 6 пайыз. Ал 100 грамм сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.
Құдайға шүкір, өзім талай келіншектің бетін аштым. Сонда мектеп жасында жүргенде: «Өзің жатып байыңа тұр-тұрлама келіншек,  Әлі кеуіп қатпаған құрт ұрлама, келіншек» депжырлайтынбыз. Өйткені, қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға да болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Құрттың зияны тек ас тұзы көп қосылса, одан бүйрегіңіздің сырқаты білінеді. Майын алмай әзірлеген құртқа дүиеде жететін ас жоқ. Оның қадірін Сарыарқалықтар әсіресе, павлодарлықтар мен жезқазғандықтар біледі. Себебі, малдың соңында жүрген адамдар құртты сорып суықтан да шығады, шіліңгір шілдеде де қорек етеді.

Ескендір Ертай
20 сәуір 2019 ж. 1 502 0