№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ӨЗ БАСЫҢДЫ АЛЫП ЖҮРУ – АДАМДЫҚ ҚАСИЕТ

ӨЗ БАСЫҢДЫ АЛЫП ЖҮРУ – АДАМДЫҚ ҚАСИЕТ

Тобықты елімен көршілес Төлеңгіт руынан шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге: «Меңаяқ өзінің басының атын өзі алып жүре алатын адам еді»,-дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы:
– Абай-ау, ол не дегенің? Меңаяқ өз атының ғана басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған Абай:
– Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын. Жағдайы келгенде бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, – деп жауап береді
Расында, қазіргі кезде бұл қоғамның қасіреті. Билік қолына тиген атқамінерлерден қарапайым халық көңілі бастаған тәрізді. Дегенмен, біз сөз еткен Меңаяқ секілді кісілер бар, бірақ көбеймей жатыр...
10 наурыз 2019 ж. 2 298 0