Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ӘКЕ, СІЗДЕН ДЕ АРТЫҚ НЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІМДІ БІЛЕСІЗ БЕ?

ӘКЕ, СІЗДЕН ДЕ АРТЫҚ НЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІМДІ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ұлымның ең жақсы көретін ойыншығы құрастырмақ болатын. Ол бөлшектермен әртүрлі нәрселерді құрастырғанды ұнататын. Қолым тиген кезде мен де қасына отырып бірге ойнайтынмын. Тағы қандай нәрселер жасауға болатынын үйретуге тырысатынмын. Екеуміз бірге отырып ат, түйе, ракета, робот, т.б. нәрселерді құрастыратынбыз. Бір күні осылай ойынның қызығына беріліп отырған сәтте ұлым:
– Әке, мен сізден де ең қатты нені жақсы көретінімді білесіз бе? – дейді. Ойламаған жерден қойылған сұраққа тосырқап қалғанымды көрген балам өз-өзіне сенімді түрде:
Менімен бірге ойнаған кездеріңізді! – деген еді.
Дәл осы жағдайды айтқан бір ағамыз еріксіз көзіне жас алды. Мұнымен не айтпақшымыз, балаға әкенің қашан да мейірімі мен ыстық ықыласы өте қажет. Әсіресе, ер жете бастаған сәтте ақыл айтып, қиналғанда тірек, сүрінгенде демеу болатын әкенің орны қашан да бөлек. Сондықтан, мейлінше ұл-қызыңызға уақыт бөлуге тырысыңыз. Әйтпесе, қоғамда ажырасу, тіпті өзінен шыққан балаға алимент төлеуден жалтаратындар тым көбейді. 
ТҮЙІН. Біз жай ой салдық, ырғы жағын өздеріңіз топшаларсыздар...
10 наурыз 2019 ж. 912 0