№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақүйіктік жастар әскерге баруға неге құлықсыз?

Ақүйіктік жастар әскерге баруға неге құлықсыз?


Газеттің №40 (8161) нөмерінде «Бозбала, Отан қорғауға дайынсың ба?» деген мақалада жастардың Отан қорғау міндетіне селқос қарайтындығы жазылды. Онда Ақүйік ауылдық округінің әскерге шақыру жұмыстары туралы айтылды. Осы орайда аудан әкімі талабынан туындаған мәселені тарқата түсу мақсатында Ақүйік жастарымен кездесіп, мән-жайға қанықтық.
Алдымен, әскерге баруға тиіс 18-27 жас аралығындағы жігіттердің тізіміне көз жүгіртейік. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы Ержан Кешубайдың мәліметінше 116 ақүйіктік азамат Отан алдындағы міндетін атқаруға тиіс. Оның ішінде 1992-2000 жылғы туылған жастардың 64-і белгілі себеппен ауылда тұрмайтыны анықталған. Олардың қатарында студенттер, жалдамалы жұмысшылар, вахталық қызметкерлер және тағы басқа азаматтар жатады. Ал, 52-нің тұрғылықты мекен-жайы мен қызметі анықталмаған. Бұл жөнінде Ержан Кешубай: «Әскер жасындағы жастардың басым бөлігі Алматы, Астана, Атырау секілді мегаполис қалаларға жұмысқа кеткен. Олардың отбасымен байланыс орнатып, әскери шақыртулар жүргізудеміз. Күн сайын әскери тексерулерден өтуге 2-3 азаматты жолдаудамыз. Жалпы, 11 балаға толықтық. Әлі де олардың қатарын көбейтетін боламыз», – деді.
Отан алдындағы борышын өтеуге тиіс жандардың қатарында бес отбасылы азамат да бар. Олар да әскери тексерулерден өтіп, тиісті құжаттарды рәсімдеп, өткізіпті. Соның бірі Дархан Қасымханұлы: «Әскерге барудан жалтармаймын. Жас балаларымды асырау керектігінен әскерге бара алмаймын», – деді. Отбасылы азаматтардың жайын түсінуге болады. Десе де, денсаулығы бар, тепсе темір үзетін жігіттердің Отан алдындағы жауапкершілігін сезіне бермейтіні қызық.
Жоғары оқу орнын бітіріп, ауылға оралған Бексұлтан Арғынбай, Еркебұлан Найманбай және Саламат Шерімбет қайта әскери-медициналық тексерулерден өтуі тиіс.
Ақүйік ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы Арай Исматова: «Әрбір азамат жайында толық ақпарат алып, тиісті құжаттарды жинадық. Олардың көпшілігінің қайда, немен айналысатынын анықтадық. Десе де, ер азаматтардың әскерге баруға ниеті жоғары дей алмаймын. Күнкөрістің қамымен Отан алдындағы міндетін ұмыт қалдырғандар көп», – деді.
Біздің мақсат – жастардың әскерге бармауында жауапты жақты кінәлау емес. Жергілікті жерлерде жүйелі жұмыс жүргізілсе де, әскерге ниеттенгендердің қарасы көбеймей тұр...

Мақпал МАРҚАБАЙ.
05 маусым 2018 ж. 1 417 0