Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛА БАҒАТЫНДАР ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛА БАҒАТЫНДАР ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?

Мүгедектігі бар балалар үшін тағайындалатын әлеуметтік көмек түрлерін алуға өтінішті интернет арқылы да, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан да беруге болады.

“Елорда Инфо” порталы Астанада мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған азаматтар тиісті жәрдемақыны қалай ала алатынын жария етті.
Интернет-басылымның хабарлауынша, І топтағы мүгедек баласы бар аналарға ай сайын берілетін жәрдемақы көлемі – 31 183 теңге. Ал бір адамға берілетін атаулы әлеуметтік көмек ай сайын 15 498 теңгеге дейін барады. Сонымен бірге қиын жағдайға тап болғандарға берілетін біржолғы көмек бар, оның мөлшері – 13 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде (32 825 теңге). Бұл көмек дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызмет алу үшін беріледі. Мүгедектігі бар азаматтар баспана кезегіне тұра алады. Бұған қоса, оларға қала ішінде қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беріледі. Мүгедектігі бар азаматтарға стационар, жартылай стационар және үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Мектеп жасындағы мүгедек балалар үшін үйден білім алу шығындары төленеді, мөлшері – тоқсанына 6,5 АЕК (16 413 теңге)
Ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған ана немесе әке, асыраушы немесе қамқоршы жәрдемақыға өтініш беру үшін мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн пайдалана алады. Ол үшін Egov.kz электрон үкімет порталына тіркеліп, “Қызметке онлайн тапсырыс беру” түймесін басу қажет. Өтінішті электрондық-цифрлық қолтаңбасыз толтырып, жолдауға болады. Жеке кабинет арқылы тіркелу туралы анықтаманың өңделуімен (“Қызмет алу тарихы” бөлімі) таныса аласыз.
Жәрдемақы тағайындауға “Азаматтарға арналған үкімет”мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ мекемелерінен (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) де өтініш беруге болады.
Талап етілетін құжаттар:
Бекітілген форма бойынша толтырылған өтініш;
Қызмет алушының жеке куәлігі (шетел азаматы болса, Қазақстанда тұруға берілген рұқсаты, оралман болса, оралман куәлігі);
Баланың туу туралы куәлігі немесе туу туралы акті жазбасы;
Баланың мүгедектігі туралы анықтамасы;
Банк шотының нөмірі туралы мәліметті растайтын құжат.
Қызмет алушының жеке мәліметі мен баланың туу туралы куәлігіндегі мәлімет сәйкес келмеген жағдайда неке туралы немесе некенің бұзылғаны туралы куәлік, балаға асыраушы немесе қамқоршы тағайындалған жағдайда баланың асырап алынғанын немесе оған қамқоршы тағайындалғанын растайтын құжат та талап етіледі.
Мүгедектігі бар баланы үйден оқыту шығыны жөнінде көмек алу үшін де мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады.
Ол үшін Egov.kz электрон үкімет порталына тіркеліп, “Қызметке онлайн тапсырыс беру” түймесі арқылы өту қажет. Өтінішті толтырып, оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет. Өтініште “Қазпошта” АҚ немесе екінші дәрежелі банк (“Қазақстан Халық банкі” АҚ) ашқан дербес шот нөмірі (IBAN) көрсетіледі. Жеке кабинет арқылы құжаттың рәсімделуі туралы хабарламалармен танысуға болады.
Мүгедектігі бар баланы үйден оқыту шығыны жөнінде көмек алуға өтінішті “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ мекемелерінен (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) бергенде 
талап етілетін құжаттар:
Өтініш;
Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат;
Мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы;
Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қорытындысы;
Баланың мүгедектігі туралы анықтама;
Банк шоты нөмірі туралы мәліметті растайтын құжат;
Білім мекемесінің мүгедектігі бар баланың үйден білім алатынын растайтын анықтамасы.
Құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі бірге ұсынылуы қажет, түпнұсқалар қызмет алушыға қайтарылады.
Еске салайық, осы аптада ҚР Үкіметінің жанынан ел азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы екі ай ішінде Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.
10 ақпан 2019 ж. 832 0