ҚЫЗЫЛША ДЕРТІНЕН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?
Бүгінде елде қызылша індеті өршіп тұр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2018 жылы Қазақстан бойынша 576 адам қызылшамен ауырса, 2019 жылдың өзінде 594 тұрғын осы індетті жұқтырған. Ал, жақында ғана аудандық орталық ауруханаға 1 азамат қызылша диагнозымен жеткізілген. Осыған орай, аудандық орталық аурухананың эпидемиолог-дәрігері Асхан Отарбековпен тілдестік.
– Жалпы, қызылша – балалар инфекциясы болып табылады. Ертеректе бұл дертпен ауыратындар саны көп болған. Кейіннен, шамамен 1980-жылдан бастап халыққа жаппай екпе салынып, аурудың алдын алып, саны азайған. Дегенмен, бүгінгі таңда бұл ауру қайта өршіп тұр. Ауруға шалдығудың басты себебі – уақытында ауруға қарсы екпе алмағандар. Жыл басынан бері ауданда бір азамат осы дертке шалдығып, толық емін алып, дертінен айығып шықты. Ауруға шалдыққан азаматпен қарым-қатынасқа түскен 44 тұрғын да қайта тексерілуден өтіп, алдын-алу шаралары жасалды, – деді Асхан Бердіұлы.
Дәрігердің айтуынша, бұл аурумен көбіне 5 жасқа дейінгі балалар және 20 жастан асқан азаматтар шалдығады. Уақытылы екпе алмаған адамда оны жұқтырып алу қаупі жоғары болады. Аурудың алғашқы белгілері тұмауға ұқсас келеді. Адамда әлсіздік пайда болып, дене қызуы көтеріліп, бас ауырып, тамаққа тәбет болмайды. Жарыққа қарай алмай, көз ауруына шалдығады. Осы белгілерден кейін 3-8 күн аралығында денеге бөртпе шыға бастайды.
– Ауру жұқпалы дедіңіз, қалай таралады?
– Вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейі арқылы сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі – денесіне бөрітпе шығып, ауырғанына 4 күн толған адам. Ал, аурудың 5-күнінен бастап оның жұғу қаупі төмендейді. Бұл аурумен бір ауырып, қайта жазылған адамда ауруға қарсы өмір бойғы иммунитет пайда болады. Яғни, бір рет ауырған адам екінші рет қайта ауырмайды. Сонымен қоса, кезінде осы аурумен ауырған анадан туған бала 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды. Өйткені, баланы бойына анасынан ауруға қарсы антиденелер беріледі. Қызылшамен ауырмаған және екпе егілмеген адам кез-келген жаста ауруға шалдығуы мүмкін.
– Аурудың алдын алу жолдарына тоқталсаңыз...
– Тиімдісі – екпені уақытында алу. Балаға бір жасқа толғаннан кейін үш айдың ішінде екпе салынуы керек. Одан кейінгісі 6 жасында салынады. Ескеретіні, екпені 30 жасқа дейінгі кез-келген азамат емханалардан тегін салдыра алады. Мәселен, дәл қазіргі уақытта ауру асқынып тұр. Осыны ескере отырып, жасы 30-ға толмаған тұрғын емханаға барып, тегін қызылшаға қарсы екпе салдыруға құқылы. Одан ешқандай қауіп жоқ. Мәселен, бір алған екпенің күші шамамен 10-12 жылда жойылады. Сондықтан, қайта салдырған абзал. Мәселен, біз 2015 жылы аудандағы 15-16 жастағы жасөспірімдерге қайтадан екпе жүргіздік. Ал, үй жағдайында үйді жиі тазалап, ауаны жаңартып отыру керек. Көпшілік орындарда медициналық маска таққан дұрыс.
– Ауданда екпеден саналы түрде бас тартқандар бар ма?
– Бар. Бүгін олардың саны 19-ға жетті. Жаңа босанған ана перзентханада жатқан 3-күнде алғашқы екпелерді алғанымен, кейіннен ойлары өзгеріп басқа вакциналардан бас тартып жатады. Біреулері екпелерден балам ауруға шалдығады деген пікір қалыптастырса, енді бірі дін жолында денеге ине салып, жарақаттауға болмайды деген ойда. Мұндай тұрғындармен арнайы мамандар, психологтар жұмыс жасайды. Айта кететіні, халықтың жоспарлы медициналық екпелерді уақытылы қабылдауына тек дәрігерлер ғана емес, ауыл әкімдері мен басшылар да атсалысуы керек. Сонда жұмыс нәтижесін береді. Мәселен, біз осы уақытқа дейін кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесе жұмыс жасап, оң нәтижеге қол жеткіздік.
Дәрігердің сөзінше, ауруға шалдыққан адам дер кезінде емін алып, вирустың алдын алмаса, оның соңы пневмония, энцефалит, тіпті, менингитке шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан, дер езінде дәрігердің көмегіне жүгіну маңызды.
Айсұлу АЖАНХАНҚЫЗЫ.