№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТУРИСТТЕР ҮШІН ҚАУІПТІ ЕЛДЕР

ТУРИСТТЕР ҮШІН ҚАУІПТІ ЕЛДЕР

Tengrinews хабарлайды.

Қазақстандықтар шетелдік шипажайлардан түрлі инефкциялар мен вирустарды алып келуде. Санитарлық эпидемиолог мамандардың сөзінше, қазіргі уақытта Украина, Ресей, Германия, Испанияда қызылша дерті тараған. Голландияда менингит өршіп тұр. Ал Таиландта Денге безгегіне шалдыққандар саны артуда.

Санитарлық дәрігерлер туристерді екі санатқа  бөледі. Олар мейманханада ғана демалып, мемлекеттің көрікті жерлен тамашалауға сирек баратындарды пассивті деп атаса, ал «жабайы туризмді» құп көріп, қауіпті жерлерді аралағанды ұнататындарды белсенді деп атайды. Алайда бұл қатардағы соңғылары көп жағдайда түрлі инфекция жұқтырып, оны елге алып келеді екен.

«Менің білуімше, туристердің көбі Мысыр, Түркия, Араб Әмірліктеріне ағылады. Бұл мемлекеттерге А, В, С сары ауруы, безгек ауруы тән. Ал Украина, Ресей, Польша және басқа да еуропалық мемлекеттерде қызылша дерті тарап, науқастар саны артуда. Сондай-ақ, менингококк инфекциясы да бар», – дейді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басқарушысы Айзат Молдағасымова.

Мамандардың айтуынша, әр мемлекетке өзіндік инфекция тән көрінеді. Таяуда қазақстандықтарды шошытқан менингит дерті қазіргі уақытта Нидерландыда өршіп тұр. Үндістанда тырысқақ дертіне шалдыққандар саны артуда. Оңтүстік-шығыс Азияда безгек пен тұмау тарап жатыр. Африка өңірлерінде безгек, тырысқақ, Денге безгегі жайлаған. Ал Қытайда энтеровирус инфекциясынан бастап, құс тұмауына дейінгі түрлі ауруларды жұқтырып алуға болады.
Жандос Қобланов, "Жаңалықтар".
22 маусым 2018 ж. 1 061 0