№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Шыршаны ақпан айында егіңіз

Шыршаны ақпан айында егіңіз


Аулаңызға шырша өсіргіңіз келсе, ақпан айын өткізіп алмаңыз, - деп жазды «Жаңақорған тынысы» интернет газеті ERNUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Егер ұрықты күз айында жинап алудан кешігіп қалсаңыз, ақпан айында жинауға да болады. Көптеген қылқанжапырақты жасыл ағаштардың арасында көгілдір шырша элиталық өсімдіктер қатарына жатады. Оның ғажайып түр-түсі мен сәнді қылқандары және көрнекті түрі өзге ағаштардан ерекше. Егер жер көлемі жағынан мүмкіндік болса бұл өсімдікті кез-келген жан өз ауласының сәніне айналдыра алады. Дегенмен мәңгі жасыл ағаштың көшеті аз ақша тұрмайды. Сондықтан оны бүршігінен немесе қалемше көшеті арқылы өсіруге болады.
 

 Ұрықты дайындағанда...
Тек көгілдір шыршаны ғана емес, сондай-ақ мәңгі жасыл ағаштардың кез-келген түрін өндіруді, тұқымды дайындаудан бастайды. Алдымен өзіңізге ұнайтын көгілдір шыршаның түрін таңдап алыңыз. Өсімдікте бүршік түйіндер қалыптасқанын қараңыз. Егер олар бар болса, күннің салқын ауа-райында түйіндерді барынша көп етіп жинап алыңыз. Тұқым неғұрлым көп болған сайын сіздің де шыршаны өсіру мүмкіндігіңіз жоғары болады. Бүршіктен өнетін шыршаның 30-40 пайызы ғана толықтай тура өзінің алынған негізгі шыршасына ұқсайтын болады, ал өзгелері біршама өзгеріске ұшырап, көгілдір шырша емес, көгілдір жасыл немесе жасыл кәдімгі шырша өніп шығады. Бұл ұрықтан көбейтудің негізгі мәселесі. Яғни ұрықтан көбейтілген өсімдікте негізгі аналықтың белгісі аз мөлшерде ғана болады. Егер ұрықты күз айында жинап алудан кешігіп қалсаңыз, ақпан айында жинауға да болады. Алайда оны тек маусым айының аяғында ғана қондыра аласыз. Оның өзінде жазы салқын болатын аймақ болғаны жөн. Әйтпесе тұқым ыстық ауа-райына күйіп кетеді. Тұқымы жылы жерді жақсы көреді Жинап алынған түйіндер қабыршағын жарып, дәнін беру үшін жылы жерге орналастыру керек. Арнайы орындарда түйіндер бір-екі тәулік ішінде-ақ өз нәтижесін береді. Себебі арнайы орындарда түйінді қабығын жарып шыққанша 40-42 градус ыстыққа қояды. Бірақ үй жағдайында мұндай температура жасай алмайтындықтан, түйіндерді жіңішке картон қорапқа салып жылу батареясының үстіне қойған дұрыс. Ал батареясы жоқ үйлер үшін жылы еденнің немесе асүйдегі шкафтың ең жоғары сөресіне қою керек. Жоғарыда ыстық қатты болатындықтан, қауызды жарып шығу процесі де тездейді. Сондай-ақ тұқымды жинамай арнайы дүкеннен сатып алуға да болады. Тек ондай кезде 1-2 жылдық тұқымды алған жөн. Себебі кейбір тұқымдар қоймада ұзақ сақталып қалады. Ал ол тұқымның өніп кетуі қиын болады.
Тұқымды үй жағдайында өндіріп алуға болады
 1 пайыздық калий перманганаты ерітіндісін дайындау (100 мл суға 1 гр марганец ерітіндісі) Дайындаған ерітіндіге тұқымды салып 2-3 сағатқа қалдыру керек. Тұқымды қағаздың немесе сулықтың бетіне шығарып кептіріп алу қажет. Барлық кепкен дәндер матадан тігілген қалташаға салынады. Қалташаны шыны құтыға салып, қақпағын жауып, тоңазытқыштың ең салқын бөлігіне қойылады. Дәл осы күйінде келешек шыршалар көктем шыққанша ұйықтайды ( ақпан айында жиналған жағдайда 20 маусымға дейін тұрады) Көгілдір шыршаны отырғызу үшін... Алдымен көктем шыға қысқы ұйқыда жатқан ұрықты ояту керек. Ол үшін оларды бір түнге тамыр шығаратын дәрі құйылған ерітіндіге саламыз. Ылғалды болған тұқым тез өнеді. Ертеңіне суда тұрған тұқымды алып қондыра беруге болады. Ашық топырққа қондыру әдісі Көктемгі үсіктердің беті қайтып болған соң, сәуір айының аяғына таман дайын дәндерді ашық топыраққа егу керек. Алдымен жерді қазып ұяшық жасап алып, ішіне шымтезекке ірі құм мен топырақты араластырып, толтыру керек немесе қылқанжапырақтыларға арналған тыңайтқышпен топырақты араластыруға болады. Көгілдір шыршаны ашық топыраққа қондырған кезде ұрықты жиі себу қажет. Жұмыс ретімен жасалуы керек: топырақты жақсылап, нығыздау; бетінен тұқымды 2-3см аралықта етіп сеуіп шығу; шымтезек пен ағаш үгіндісі (опилка) бірдей мөлшерде араластырып, дайын қоспамен ұрықтың бетін 1,5 см қалыңдықта жауып шығу қажет; беті толықтай жабылғаннан соң аздап су шашу керек; беті үлдірмен (пеленка) жабылады; үлдір астындағы топырақтың ылғалдылығын жиі тексеріп, ара-тұра желдетіп алған жөн; алғашқы өскін үш аптада өніп шығады, олардың мықты дегендерін алып қалып, араларын 6 см қашықтықта сирету қажет; өніп шыққан көшетке күнделікті таңертең су бүркіп отыру керек. Тек артығымен болмағаны жөн. Артық ылғал түрлі вирустық ауруға шалдықтырып, шыққан өнімді жойып жібереді. Осы күйінде шырша келесі жылғы көктемге дейін қалады. Жаздың аптап ыстығында топырағының құрғап кетуінен сақ болыңыз. Пластикалық ыдысқа қондыруға болады Шыршаны үй ішінде өндіруге де болады. Ол үшін жалпақ әрі терең қақпағы бар пластикалық құты дайындап алыңыз. Себебі пластикалық құтылар қақпақтары толық жабылып тұратындықтан өте ыңғайлы. Жұмыс жасау тәртібі: Топыраққа құрғақ құм мен шымтезек араластырып, дайындаған ыдысқа толтырып салу қажет; Жақсылап су сеуіп шығу керек; Тұқым сеуіп, топырақты қолмен немесе шанышқымен себілген дәндер топырақпен жабылатындай етіп араластырылады; Ыдыстың қақпағын нығыздап жауып, күннің көзі тікелей түспейтін, бірақ жылы жерге қойылады; Топырағы кеуіп бара жатқан кезде ашып су сеуіп тұру керек; Дәндер өніп кішкене көріне бастаған кезде қақпақты ашу қажет; Жазда ыдысты далаға шығарып үлкен ағаштың көлеңкесіне қою керек; Жас өнімді келесі жылы көктемде мамыр айында топырақ жылыған соң өзіңіз қалаған орынға отырғызуға болады; Шыршаны қаламшалау арқылы өсіру Көптеген бағбандар сәндік қылқанжапырақты өсімдіктерді өз негізін сақтап қалу үшін қаламшалау тәсілі арқылы өсіргенді жөн көреді. Көгілдір шыршаны да дәл осы жолмен өндіріп көбейтуге болады. Мұны көктемде мамыр айында ағаш шырынының қозғалысы кезінде жасаған дұрыс. Қаламшалау үшін 4 жыл мен 10 жыл арасындағы шырша ағашы таңдалады. Себебі мұндай ағаштардың бұталарының өніп кету деңгейі жоғары. Ағаштың бүйір жағындағы 6 – 10 см болатын өскіндерінен 3-4-еуін жұлып алу керек (пышақпен кесуге болмайды). Жұлып алғанда түбінде ескі ағаштан кішкене қалдық қалатындай етіп, таңертең немесе бұлтты ауа-райында алу қажет. Жоғарыда тұқым арқылы өндіру жолдарының барлығы қаламшалап өндіруге де тура сол қалпында қолданылады. Сондай-ақ бұл өндіру жолдары кез-келген қылқанжапырақты өсімдікке қолдануға жарайды. Сондықтан аулаңызды көгілдір сәнді шыршадан бастап мәңгі жасыл өсімдіктің өзге де түрлерімен толықтыра аласыз.


20 қаңтар 2019 ж. 816 0