Тұрғындар Telegram арқылы дәрігерді үйге шақыра алады
Еліміздің тұрғындары үшін денсаулық сақтау саласында жаңа қызмет түрлері пайда болды. Ендігі қазақстандықтар Telegram-бот арқылы дәрігерді үйге шақыра алады.Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Ендігі «@EgovKzBot» боты арқылы тұрғындар емханаға тіркеліп, дәрігердің қабылдауына жазылып немесе дәрігерді үйге шақыра алады. Сондай-ақ, Telegram-бот арқылы мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алуға болады. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алуға және әлеуметтік мәртебесін тексеру мүмкіндігі де қарастырылған. «Қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзінің гаджетінде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу жүзеге асырылсын. Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады», – делінеді хабарламада. Бүгінде Telegram-ботқа 8,2 мыңнан аса адам жазылған. Олар қызмет іске қосылғаннан бері 8,5 мыңнан аса сұраныс жіберді.
Пікір 3