Топ-баннер

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды.


  Жұма күні таңертең Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппараты бар ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі РФ Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникация департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жұма, 21 желтоқсан күні сағат 6.20-да (мәскеу уақытымен 03 сағат 20 минут) Байқоңыр ғарыш айлағынан (Қазақстан) Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіндегі ғарыш аппараты бар ауыр санаттағы «Протон-М» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды», - делінген департамент хабарламасында.

   Сондай-ақ мәлім етілгендей, «Протон-М» зымыран тасығышының басты бөлігінің үшінші сатыдан ажырауы штаттық режімде өтті. Ғарыш аппаратын «Бриз-М» үдеткіш блогымен орбитаға шығару процесі бірнеше сағатқа созылады.


21 желтоқсан 2018 ж. 1 210 0