№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сізді ғана сүйетін жігіт қандай болады?

Сізді ғана сүйетін жігіт қандай болады?

  Қыздардың жүрегін жаулап, армандарындағы ақ боз атты ханзада болып жүрген жігіттер бір емес, бірнеше қызбен қатар жүргенді ұнатады. Мұны статистикалық мәліметтер де дәлелдеп отыр. Бес саусақ бірдей емес дегендей, топырақты көпке шашу жарамас. Олардың арасында бір адамға ғана ғашық болып, өмір бойы құлай сүйетіндері де бар. Олар қиялындағы аруды жастайынан аңсап, жолықтырған соң одан айырылып қалмаудың барлық амалын жасайды. Мұндай ешкімде жоқ жігітті жолықтыру әрбір арудың арманы болар. Алайда барлығы да сіз ойлағандай емес...

   «Сүйіктілерін жиі ауыстыратын ер адамдардың өзі де, жүрегі де жаратылысынан нәзік әрі талғампаз келеді»,- деп дәрігерлер ерлер қауымын ақтауда. 

  Бір жанға ғана ғашық болатын жігіттің белгілері:
  - Олар өмірдің болсын, заңның болсын ережелеріне қатаң түрде бағынады. Байсалды келіп, әрнәрсені таразылап дұрыс тұжырым жасай біледі. Мінезінде аз ғана баяулық пен флегматикалық қасиеттер кездеседі. Сүйіктілерін ханшайымдай көреді.

  - Олар өздерінің сезімдеріне сенімді болған соң, ханшайымына қамқорлық көрсетіп, оған үнемі көңіл бөліп отырады. Артық қалжыңдаспайды, алғашқы кездесуде ұяңдық танытады. Махаббатының оттай лаулаған жылуын сездіре білсе де, бірден сезімдері бар екендігін айта қоймайды. - Ханшайымы туралы достарына да артық сөз айтқызбайды. Бұл тақырыпта оларға қарсы сөз айтып қалудан еш жасқанбайды.

- Олар ханшайымдарын аялап қана қоймай, олардың да тәрбиелі болғандығын қалайды.
- Оның сезіміне бір сәтте күмән келтіре алмайтындай әрекеттер жасайды.
- «Сен үшін өмірімді де қиюға әзірмін», «сені ешуақытта алдамаймын», «сені мәңгілік сүйіп өтем» секілді жүрек жарды сөздерді айта алмайды. Оны ісімен көрсеткенді ұнатады.
- Олардың басты қасиеттері
– көне дәстүрлерге мән беру мен тұрақтылық.

- Тәрбиелі, білімді қыздарды көріп араласқанмен, сүйіктісін оларға айырбастамайды.

   Жігітіңіздің бойынан осы қасиеттерді байқаған болсаңыз, оның сізді ғана сүйетініне күмәніңіз болмасын. Алайда оның бір қызды ғана сүйгені жақсы ма? Осыған байланысты кемшіліктерді де қарастырып көрейік.

   Мұндай жігіттердің кемшіліктері:

  Өзінің сенімділігіне қарамастан, мұндай жігіттер кемшіліксіз болмайды. Әдетте кемшіліктері бірге өмір сүру барысында байқалады.

  Біріншіден, бұл жігіттер меншіктеп алғанды жақсы көреді. Оның құрбысы немесе әйелі туралы сөз қозғалып жатса, міндетті түрде «менің әйелім», «менің сүйіктім», «менің қызым» деп айтып қалады. Олар өте қызғаншақ.

  Екіншіден, ол жігіттер қыздарын мықты бақылауға алады. Оны ашық түрде көрсетпесе де, іштей бақылап, қызының не істеп жүргенін ойлап жүреді. «Қайда болдың?», «кіммен сөйлестің», «құрбыңа барудың не қажеті бар?» сынды сұрақтарды міндетті түрде қояды. Қызының жеке тұлға екендігін, жеке өмірі, жеке достары бар екендігін ескере бермейді. Сүйіктісін күндей көріп, өзіне де жалғызым деп қарағанын ұнатады. 

   Үшіншіден, ондай жігіттерден тез жалығып, айырылысуға шешім қабылдаған нәзік жандылардың ол ойы көпке дейін орындала қоймайды. Ханшайымын қайтару үшін ұзақ уақыт бойы түрлі кедергілер жасайды. Оны кешіргенмен, барлығы да бұрынғыдай болатынын ескергендеріңіз жөн.

  Төртіншіден, өмір бойы оның қиялындағы арудың кейпінде жүруіңізге тура келеді. Әдетте болашақ жарларын анасы немесе қарындасы секілді болғанын қалайды. Ал бұл біреу сыйға тартқан рөлді сәтті ойнап шығумен бірдей.

  Бесіншіден, олардың жүрегі бір рет жараланса, мәңгілікке жараланып, өмірлерінің мәні кетеді. Ханшайымдарымен айырылысқан жағдайда өмір бойы жалғыз қалуға шешім қабылдайды немесе өзі сүймеген адамға үйленіп бар өмірін бос өткізеді. Сол себепті еркіндікті сүйетін, қай жерде болсын сөйлеп қалуға ұмтылатын қыздарға мұндай жігіттерді таңдамаған жөн. Алайда, жігітіңіз сізді ғана сүйіп жатса қорықпаңыз, ол ішінде ерекшесі болуы мүмкін. 


Ақпарат massaget.kz алынды.

13 желтоқсан 2018 ж. 1 505 0