№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НАҒЫЗ ЖІГІТТЕРГЕ КЕРЕК КЕҢЕСТЕР

НАҒЫЗ ЖІГІТТЕРГЕ КЕРЕК КЕҢЕСТЕР

Өмірде әрбір ер азамат жігіт ретінде дұрыс әрекеттер жасау керек. Яғни ер азаматтардың әрдайым жадында ұстап, естен шығармайтын әрекеттерә бар. Осы жайттың біразын түгендеп назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз. Себебі, болашақта сізге бұл кеңестер міндетті түрде керек болады.  
1) Қол жетпес арулармен танысу. Қызбен таныспай тұрып бойын қорқақтық билеп, сасып қалатын жігіттер арамызда баршылық. Неге? Өйткені қымбат көлік мініп, әдемі киінген қыздарды көрген жігіт бірден бас тартатыны сөзсіз. Егер сіз аруға ұнап тұрсаңыз, онда ол танысуға қарсылық таныта қоймайды. Таныспаған күннің өзінде ол ару сізбен бұдан кейін кездесе ме жоқ па − ол да белгісіз. Ал, таныссаңыз, бір қорқынышыңызды жеңгеніңіз. Әлде қыздың өзі сізбен танысуға қадам жасағанын күтіп жүрсіз бе? Тартынып қалмаңыз. 
2) Ешқашан көшеде төбелесті бірінші бастамаңыз. Өйткені ол сізге ринг алаңы емес. Қарсыласыңыздың қандай адам екенін және қалтасында қандай қару бар екенін білмейсіз. Тіпті болмаған кезде көшедегі шөлмек бөтелке де сізді ауруханаға алып баруы мүмкін. 
3) Жігіттер алғашқы кездесуінде сұлуларды бірден киноға шақыруға құмартып тұрады. Неге? Сіз алғашқы кездесуде оны жақынырақ білу үшін шақыратыныңыз һақ емес пе?! Ал, киноға барып екі сағат үндемей, попкорн жеп келу сізді де, қызды да жалықтырып жіберері анық. Кино кейінгі кездесулерге қалса да артық етпес.  
4) Костюм − нағыз жігіттер үшін арнайы тігілген киім. Костюм киіп жүрген жігіт қалаған қызымен танысу ықтималдығы 50 пайызға артады. Күнделікті болмаса да жиі-жиі костюм киіп жүргеніңіз дұрыс. Тағы бір ескерту, күн сайын қара костюм киіп алмаңыз, өйткені, сіз шіркеудегі поп емессіз. 
5) Спортпен шұғылданыңыз. Спорт адамды сергек жүруге баулиды. Әрдайым жүгіріп, гантель көтеріп, дене бітіміне назар аударған адам өзіне сенімді жүреді. Әрі дене бітіміңіз де басқа жігіттерден артық көрінеді. 
6) Резеңке бауы бар галстукті қоқысқа тастаңыз. Галстук байлай алмайтын жігіттер көбіне резеңке галстук тағып жүреді. Өзіңізге сырт көзбен қарап көріңізші, сіз үшінші сыныпта оқитын баламен бір стильде киініп жүрсіз. Сондықтан галстук байлап және үйлестіріп тағуды әдетке айналдырыңыз.  
7) Ата-анаңызға, кем дегенде, аптасына бір рет хабарласуды ұмытпаңыз. Себебі осы дүниеге әкелген әке-шешеңіздің сізді әр минут сайын уайымдайтынын ұмытпаңыз. Олардың хал жағдайын біліп қуантып қойыңыз. Тағы бір ескерту, оларға басыңыздағы қиындықтарды айтып әуреге салмаңыз. Сіздің әрбір айтқан сөзіңіз олар үшін мірдің оғындай тиеді. 
8) Амандасқанда қолды сенімді түрде беріңіз. Өйткені бір рет амандасқанда сіздің қандай екеніңізді алақаныңыз-ақ айтып береді. Нәзік амандасу бойыңызда өжеттік жоқ екенін бірден аңғартады. Сондықтан амандасуға да дұрыс мән беріңіз.  
9) Өзіңізге қызық көрінген істен бас тартпаңыз. Қысқаша айтқанда "кім тәуекел етпейді, сол мақсатына жетпейді", анда-санда тәуекел жасап тұрған дұрыс. Үнемі тәуекелге бел буамын деп, шығар жолды таба алмай қалмаңыз. Бәрін ақылмен жасаған дұрыс. 
10) Кім бірінші ашу шақырса, сол жеңіледі. Бұл − өмірдің заңдылығы. Өзіңізді сабырлылыққа тәрбиелеңіз. Қандай қиындық туса да, ақылмен шешуге тырысыңыз. Ашулы адамның ойына өзге идеялар мен даудың шешімі келмейді. Сол себепті өзіңізді ұстап үйреніңіз. Мұның барлығы күнделікті тұрмыста белгілі жағдайлар. Алайда, әрбірінің сіз өмір сүріп отырған қоғам үшін рөлі зор. Өзіңізді сол қоғамда абыройлы, жақсы етіп көргіңіз келсе, онда өзіңізге жақсы екеніңізді дәлелдеңіз.

МАССАГЕТ.КЗ
02 тамыз 2018 ж. 1 330 0