Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтаған

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтаған

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐµÑÑÑÑÐºÑ Ð·Ð°ÑÑ
   Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен сотталушы Ю. қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды.
      
    Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ю., 2018 жылдың 2 қарашасы күні «Батыс Европа-Батыс Қытай» тас жолының бойында автокөлігі жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін тоқтатылып, тексеру барысында автокөлік жүргізушісі  сотталушы Ю., үстіне киген күртешесінің сол жақ алдыңғы қалтасынан сіріңке қорабына салынған 1,06 грамм «кептірілген марихуана» табылған, яғни ол есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

   Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

   Аудандық соттың үкімімен ол, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 АЕК – 36075 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
13 желтоқсан 2018 ж. 1 049 0