№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Егер жол-көлік полициясының қызметкері тоқтатса

Егер жол-көлік полициясының қызметкері тоқтатса

      Көптеген көлік жүргізетін адамдар жол жүру туралы заңды толық біле бермейді. Соған байланысты осы жазбада жүргізуші құқықтары, жол-патрульдік полициясы қызметкері қандай жағдайларда тоқтататыны және ЖПП тоқтатқан жағдайда нені білу керек екені жайлы кеңес береміз. 
ÃÂéûÃÂú öïÃÂóÃÂ÷óõýôõ üÃÂýðûðàÃÂÃÂÃÂðûàñÃÂûüõÃÂÃÂãÃÂ÷ üïüúÃÂý
  Жол полициясы қызметкері жасырынып тұрмауы керек Заң бойынша жол полициясының қызметкерлері жолда көлікпен келе жатқан жүргізушілерге көрінетін аумақта орналасуы керек. Яғни, қандай да бір «қабырғалардың» арғы жағында (ағаштар, ғимараттар, құрылыстар және жарнамалық тақтайлар т.б.), сондай-ақ тоқтауға және тұруға тыйым салынған орындарда болмауға тиіс.

Сонымен қатар, жүргізушілер үшін қалада және ұзақ жолда жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін радар қолдануға болады. 

Қандай жағдайда тоқтатуға құқылы?

Жол-патрульдік полициясы жүргізушілерді:
1) Жол ережесін бұзғанда;
2) Жүргізушіге куә болған жол-көлік оқиғаларының, әкімшілік құқық бұзушылықтың, қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы сұрақ қою қажеттігі туындағанда;
3) Стационарлық полиция бекеттерінде сіздің құжаттарыңызды тексеру үшін (Жол жүрісі туралы» Заң, 54-б, 3/1);
4) «Жол жүрісі туралы» заңның 54-бабына сәйкес, көліктерді тоқтатуға болады:
• медициналық көмек көрсетуге кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне;
• жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды аурухаларға жеткізуге;
• терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне;
• жол-көлік оқиғалары кезiнде бүлінген көлiк құралдарын тасымалдау және зілзала болған жерге бару үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне жол беру үшін; 5) Мемлекеттік орган қызметкерлерінің немесе лауазымды адамдардың қозғалысына кедергі келтірмеу туралы шешімдерді орындау кезінде; 6) Ұрланған көлік құралдарын, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары және көлікке байланысты өзге де қылмыстар болған жерден қашып кеткен автокөлікті іздестіру кезінде; 7) Жол жүрісін реттеу үшін тоқтата алады («Жол жүрісі туралы» ҚР Заңы, 52-б.1-т.).

   Қалай тоқтатады?
ЖПП қызметкері қызметтік көлікпен жүрсе, көлікті тоқтату үшін дауыс зорайтқышпен мемлекеттік нөмірін немесе көліктің айрықша белгілерін атайды. Ал жаяу қызметкер қол көмегімен қайда тоқтау керектігін көрсетеді.

    Содан кейін, ЖПП қызметкері өзінің лауазымын, арнайы атағын, тегін және қызмет ететін бөлімшесін, сондай-ақ тоқтату себебін айтуға міндетті. Сондай-ақ, ЖПП қызметкерінің рұқсатынсыз жүргізушіге немесе жолаушыға көліктен шығуға болмайды. ERNUR.KZ
23 қараша 2018 ж. 1 465 0